Руханият • 14 Қаңтар, 2020

Тағылымы мол мақала

101 рет көрсетілді

Бір ғасыр бұрын халқымызға жөн сілтеген Абайдай тұлғаның тағылымы бүгін де маңызын жоймады. Оның білім мен ғылымға шақырған өлеңдері мен қара сөздерінде ұлт болмысы айқын көрініс табады.

Осы орайда Мемлекет басшысы «Абай және XXI ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласында Абай мұрасының елімізге тигізер пайдасы зор деп есептейді. Президент Абайдың ой-тұжырымдарын негізге ала отырып мемлекетімізді дамыту керек екенін айтады.

Қасым-Жомарт Тоқаев мақалада Абайдың көп тіл білгенін негіздей келе, бүгінгі ұрпаққа шет тілдерді үйрену керектігін айтады. Дамыған елдердің тілі мен мәдениетін білу үшін, оның қыр-сырын ұғыну үшін ең әуелі оның тілін меңгеру керек. Алдағы уақытта Абайдың қара сөздері мен шығармалары он шақты тілге тәржімаланатыны ерекше қуантты. Бұл арқылы өзге мемлекеттер де Абай мұрасымен таныса алады. Шетелдіктер бізді Абайдың елі деп танып жатса нұр үстіне нұр болар еді. Сондықтан Абайдың тағылымдарын бірінші орынға қою керек. Бұл жайында Қасым-Жомарт Тоқаев мақала­сын­да байыпты сараланған. Президент Абайдың халқының жетілгенін қалайтындығын шығармаларынан үзінділер бере отырып, керемет мысалдармен баяндаған.

Сондай-ақ мақалада Абай шы­ғармалары арқылы сананы жаң­ғырту керектігі жазылған. Абай­ды тереңдеп білу әсіресе жас­тар үшін қажет екенін Мем­лекет басшысы астын сызып айтыпты. Меніңше, бұл – нағыз бағдарламалық мақала. Бұл – елді, жастарды тәрбиелейтін тағылымды мақала. Үлгі беретін дүние. Терең ой тұр, терең ізденістерге жол сілтейді.

Сонымен қатар, мақалада мәдени шараларға да ерекше мән берілетіні жазыл­ған. Алдағы уақытта негізгі өзегі Абай тақырыбына арна­латын республикалық және ха­лықаралық деңгейде театр және музыка фестиваль­дары өтеді. Одан бөлек, Абай­дың туған жеріндегі тарихи-мә­дени нысандар жаңа талапқа сай жаңғыртылып, ұлы ақын­ның мерейтойына келетін жұрт­шылыққа қолайлы жағдай жасалатын болады.

 

Әділ АХМЕТОВ,

қоғам қайраткері, филология ғылымдарының докторы, профессор

Соңғы жаңалықтар

Ұқсас жаңалықтар