Аймақтар • 20 Қазан, 2020

Этносаралық сала бойынша мониторингтік топ Түркістан облысына барды

10 рет көрсетілді

Әкімдіктердің этносаралық қатынастарды реттеу саласындағы практикалық жұмысымен танысу, сондай-ақ әдістемелік көмек көрсету мақсатында ағымдағы жылғы 14-19 қазан аралығында Этносаралық қатынастарды дамыту комитеті төрағасының орынбасары Ғ.Н. Шойкин бастаған Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің мониторингтік тобы жұмыс сапарымен Түркістан облысына барды.

Сапар барысында Министрлік өкілдері әкімдік бөлімшелерінің Мемлекет басшысының этносаралық қатынастар саласындағы жұмыс жүйесін жаңғырту жөніндегі тапсырмаларын орындауы бойынша жүргізіліп жатқан жұмыспен танысты.

Сапар шеңберінде мемлекеттік органдардың этносаралық саладағы өзекті міндеттері талқыланып, Министрлік әзірлеген әдістемелік ұсынымдар мен жұмысты ұйымдастырудың жаңа тәсілдері түсіндірілді. Этносаралық келісімді қамтамасыз ету бойынша талдау, әдістемелік, ақпараттық, ақпараттық-түсіндіру қызметі, сондай-ақ этносаралық шиеленіс пен қақтығыстықтың алдын алу мәселелері бойынша орталық және өңірлік деңгейлердегі бірлескен жұмыстың үйлестірілуі мен өзара іс-қимыл алгоритмдері келісілді.
Мониторингтік топ аудандық әкімдіктердің этносаралық қатынастарды дамыту саласында жүргізіліп жатқан жұмысымен танысты. Кентау қаласына, Сайрам, Сарыағаш, Келес, Төлеби және Түлкібас аудандарына сапарлар ұйымдастырылды. Жергілікті жерлерде жергілікті этномәдени бірлестіктерінің басшыларымен кездесулер өткізілді, онда Қазақстан халқы Ассамблеясы жұмысының тиімділігін арттыру, оның қызметін этностарды біріктіруге, жастар арасында азаматтық бірегейлік пен патриотизмді қалыптастыру мәселелері талқыланды. Жергілікті мемлекеттік және құқық қорғау органдарының өкілдерімен, сондай-ақ этнос топтары шағын тұратын ауылдардың (Шорнақ, Ынтымақ, Абай, Қарабұлақ, Азатлық, Ханарық ауылдары) жауапты қызметкерлерімен жекелеген консультациялар өткізілді.

Сапар соңында Кентау қаласы, Сайрам, Төлеби, Сарыағаш, Келес, Мақтаарал, Жетісай, Түлкібас аудандары әкімдерінің орынбасарлары, аудандық ішкі саясат бөлімдерінің басшылары, облыстық «Қоғамдық келісім» РММ және оның аудандық филиалдарының қызметкерлері үшін қорытынды семинар ұйымдастырылды.
Семинарда этносаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырудың негізгі басымдықтары белгіленіп, өңірдің ерекшеліктері іскеріліп осы саладағы жұмысты ұйымдастыру бойынша нақты ұсынымдар берілді.

Соңғы жаңалықтар

Бір аптада 221 қылмыс

Аймақтар • Бүгін, 20:30

Ауылда амбулатория ашылды

Аймақтар • Бүгін, 19:11

Шымкентте Сүгір Әліұлының ескерткіші ашылды

Оңтүстік Қазақстан • Бүгін, 14:25

Ақмола облысы "қызыл" аймақта

Аймақтар • Бүгін, 09:07

Ұқсас жаңалықтар