Аймақтар • 20 Қазан, 2020

Бір аптада табиғат қорғау заңнамасын бұзудың 156 дерегі анықталды

15 рет көрсетілді

Алматы облысында бір апта ішінде табиғат қорғау заңнамасын бұзудың 156 дерегі анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz. 

Алматы облысының полиция қызметкерлері 12 қазан -11 қараша аралығында “Браконьер” жедел – алдын алу іс-шарасын өткізуде. Аталған іс-шара табиғат қорғау заңнамасына қатысты құқық бұзушылықтарды анықтауға және жолын кесуге бағытталған. “Бір апта ішінде облыс аумағында табиғатты қорғау заңнамасын бұзудың 156 дерегі  анықталды. Оның 106 фактісі заңсыз аң аулау және балық аулау,  27 фактісі  аңшы қаруын алып жүру, тасымалдау және сақтау тәртібін бұзу, 2 фактісі ағаштарды заңсыз кесу”, – дейді ПД ЖПҚБ ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Ерлан Куджаков.

Мәселен, аталған іс-шара барысында бір автокөлікті тексеру кезінде көлік құралының артқы орындығынан қандай-да бір құжаттарсыз, шығу тегі белгісіз тері мен ет табылып, тәркіленді. Тәркіленген заттар сараптамаға жіберілді.

Соңғы жаңалықтар

Бір аптада 221 қылмыс

Аймақтар • Бүгін, 20:30

Ауылда амбулатория ашылды

Аймақтар • Бүгін, 19:11

Шымкентте Сүгір Әліұлының ескерткіші ашылды

Оңтүстік Қазақстан • Бүгін, 14:25

Ұқсас жаңалықтар