Әлем • 20 Қазан, 2020

ШЫҰ мүше мемлекеттер Бас прокурорларының кезекті отырысы өтті

6 рет көрсетілді

Бүгін бейнеконференцбайланыс режимінде Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Ғизат Нұрдәулетовтің қатысуымен Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына (ШЫҰ БП) мүше мемлекеттер Бас прокурорларының 18-ші отырысы өтті.

Іс-шараға Үндістан, Иран, Пәкістан, Қытай, Камбоджа, Ауғанстан, Моңғолия, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Беларусь, Әзірбайжан, Армения Бас прокурорлары мен уәкілетті тұлғалары, Халықаралық прокурорлар қауымдастығының және ШЫҰ-ның Лаңкестікке қарсы аймақтық құрылымның Хатшылығы мен Атқарушы комитетінің өкілдері қатысты.

Отырыс барысында ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің прокуратуралары қызметінің тәжірибесімен, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мен оған қарсы күрестің заманауи практикасы және тиімді әдістерімен алмасты.

Қазақстанның Бас Прокуроры өз баяндамасында ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің заманауи ақпараттық өзара іс-қимылының, оның ішінде заңсыз шығарылған активтерді қайтару механизмін енгізу қажеттілігін атап өтті.

Отырыс қорытындысы бойынша халықаралық ынтымақтастықты нығайту және кеңейту, қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек көрсетудің тиімділігін арттыру үшін қажетті жағдайлар жасау және ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің білім беру ұйымдары арасындағы ынтымақтастықты дамыту туралы шешім қабылданды.

Соңғы жаңалықтар

Бір аптада 221 қылмыс

Аймақтар • Кеше

Ұқсас жаңалықтар