Коронавирус • 27 Қазан, 2020

Халықаралық әуе рейстерінің 39 жолаушысынан COVID-19 анықталды

15 рет көрсетілді

44834 жолаушы 6 қазанда ПТР-ға қатысты шектеу шаралары енгізілген сәттен бастап халықаралық авиарейстермен келді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Көліктегі Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Сәдуақас Байғабылов мәлімдеді.

Оның айтуынша, 84% – ы анықтамалармен, 7540 адам анықтамасыз келген. Олар ПТР тесттерін тапсыру үшін ауруханаларға екі күндік карантинге орналастырылды. Оның ішінде 39 сырттан келген жағдай анықталды. Яғни, 426 халықаралық авиарейстің 19-да КВИ бар жолаушылар болды. Олардың жанында байланыста болғандар саны 413 адам және 44 бортсерік. Мониторинг нәтижелері бойынша контактілерде де, бортсеріктерде де COVID-19 анықталған жоқ. Айта кетейік, екі күндік карантин Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Орал, Ақтөбе, Атырау, Ақтау, Қарағанды қалаларында орналастырылады.

6 қазаннан бастап ПТР анықтамасынсыз шетел азаматтарын елге кіргізбеу туралы қаулының талаптарын ескере отырып, 31 жолаушы қайтарылды. Олардың мерзімі өтіп кеткен немесе тест нәтижелері туралы анықтама болмаған. Бұл Ресей, Украина, Беларусь, Түркия, Ұлыбритания және Германия азаматтары.

Соңғы жаңалықтар

Қап тауындағы тұтқын

Қазақстан • Кеше

Қолды болған гараж

Аймақтар • Кеше

Ұқсас жаңалықтар