Аймақтар • 28 Қазан, 2020

Ұят па, ұят емес пе?

777 рет көрсетілді

Алматыдағы Абай даңғылы мен Әуезов көшесінің қиылы­сындағы көпқабатты үйдің қабырғасына «қисайтып» салынған ұлы даныш­панның муралына көзіміз үйренбей-ақ қойды... Нақтыласақ – кезінде қолданыстан түскен 20 теңгелік банкнотты тігінен «тұрғызып» бояп салған демеуші, яки жебеуші «көздеген» арманына жеткен-ау деген ойда қаламыз! Өйткені...

Суретті түсірген Нұрманбет ҚИЗАТҰЛЫ

Автобус пен троллейбус ая­лда­масы, метро бекеті, бәрі – осын­да. Сол себеп­ті, шаһар тұрғын­дары мен қонақтары шо­ғыр­­ланғанда бәрінің көзіне бір­ден түсетін көріністі әдейі жасал­ған келемеж демеске уәж тап­пайсың. Әйтпесе, ұлы ақынның 175 жылдық мерейтойы үстінде «20 теңгені» жұлып тастап, жаңа мурал салуға уақыт та шаш етектен жетті. «Атакент» па­вильо­ны алдындағы сабаннан салын­ған шөмеле-тиіннің шашбауын көтереміз деп шаршап жү­ріп, қалалық әкімшіліктегі мә­де­ниет басқармасының бір­неше басшысы ауысты. Сол шіркін­дердің, ең болмаса, муралдағы Абай­дың бейнесін көпе-көрінеу «қисайт­пай» – жантайтып кескіндеуге де шамалары жетпей кетті...

Ең сорақысы, мұны да әдейі жасалмаған деуге дәтің бармайды: әш­керелі банкнот салынған биік үй­дің қасындағы екінші зәулім ғи­ма­ратта үлкен әріптермен баттитып «Ұят емес» деп жазылып қойыл­ған!!! Бұла­ры – бейне ұлы ақын­ның «қисайтып» салын­ған суреті ұят емес деген «ақталу» іспетті!

«...жас бала қызыл шоқтан қорқу­шы еді, бұлар тозақтан да қорық­­пайды екен. Жас бала ұялса жер­ге ене жаздаушы еді, бұлар не­­ден болса да ұялмайды екен» деген ұлы ақынның Бесінші сөзі сана­ны сілкілеп-ақ тұр. Амал, нешік!..

 

Талғат СҮЙІНБАЙ,

журналист

 

Алматы

 

Соңғы жаңалықтар

«Каспий» ҚПЛ-да қалды

Футбол • Бүгін, 08:19

«Алаш» – нағыз ұлттық идея

Оқиға • Бүгін, 08:12

Сайлаушыларға үндеу жолдады

Саясат • Бүгін, 08:11

Қайырымдылық дүкені бар қала

Руханият • Бүгін, 08:03

9 жасар баланың өмірін жалмады

Коронавирус • Бүгін, 07:59

Көптен күткен жекпе-жек

Кәсіпқой бокс • Бүгін, 07:53

Плей-офф кезеңіне шықты

Футбол • Бүгін, 07:51

Көрмедегі көркем кітаптар

Аймақтар • Бүгін, 07:45

Алып ағаш

Оқиға • Бүгін, 07:42

Торғай тарихының тағылымы

Таным • Бүгін, 07:39

Қапастағы қарсылық

Руханият • Бүгін, 07:35

Бақбақ тістеген тарих

Ең қысқа әңгіме • Бүгін, 07:31

«Теңізшевройлдан» – 825 көшет

Аймақтар • Бүгін, 07:25

Елбасы дәрісханасы ашылды

Аймақтар • Бүгін, 07:22

Ұқсас жаңалықтар