Экономика • 28 Қазан, 2020

Транскаспийлік көлік тасымалы артады

14 рет көрсетілді

21-22 қазанда Ыстанбұл қаласында мүдделі темір жол әкім­ші­ліктері басшыларының қатысуымен Транскаспий халықаралық көлік маршрутын дамыту бойынша жұмыс тобының отырысы өтті, оған «ҚТЖ» ҰК» АҚ басқарма төрағасының логистика жөніндегі орынбасары Павел Соколов қатысты.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметінің хабарлауынша, іс-шара барысында COVID-19 пандемиясының жүк тасымалдау динамикасына әсерін ескере отырып, «ТХҚР «ХА» заңды тұлғалар бірлестігінің Транскаспий халықаралық көлік мар­шруты бойынша 2020 жылдың 9 айын­дағы тасымалдау жоспарының орындалуы жөніндегі есеп тыңдалды, есепті кезеңге сай тасымалдау көлемі 1500 ЖФЭ-ні құрады.

Сонымен қатар кездесу аясын­дағы пікірталастар нәти­же­сінде әзер­бай­жандық вагондар операторы «ADY Express» ЖШС «KTZ Express» акцио­нер­лік қоғамы үйлестіретін Транс­кас­пий көлік маршрутының консорциу­мы­на бірауыздан қабылданды.

Отырыстың күн тәртібінде сонымен қатар контейнерлік пойыздардың өту уа­қыты, Шығыс – Батыс бағытында жеке және топтық жөнелтулер, сондай-ақ 2019 жылдың 25 маусы­мында бекітілген Каспий теңізі порттары (Ақтау, Баку, Алат) ара­сын­дағы фидер кемелерінің қатысуымен тікелей халықаралық темір ­­жол және су қатынасында контей­нерлік тасымалды ұйымдас­тыру туралы келісімге өзгерістер енгізу мәселелері талқыланды.

«Біз TХҚР қатысушыларының бір­лескен жобалармен жұмыс істеуге деген жоғары қызығушылығын бай­қай­­мыз және тасымалдау процесінің бірың­ғай технологиясын жетілдіруге, әкімшілік процедураларды жеңілдетуге, бәсекелестік ортаны құруға, сонымен қатар транзиттік және сыртқы сауда жүктерін тарту бағытының максималды тиімділігін қамтамасыз етуге тырысамыз», деді П.Соколов.

Отырыс нәтижесінде қатысушылар байытылған көмір, кокс жаңғағы, күкірт, сұйытылған газ, астық, майлы да­­қыл­­дар, бұршақ дақылдарын және бас­­қа да тауар номенклатурасын тасы­­мал­дауға арналған TХҚР маршру­тын­дағы тарифтік шарттарды бекітті.

 

Соңғы жаңалықтар

«Каспий» ҚПЛ-да қалды

Футбол • Бүгін, 08:19

«Алаш» – нағыз ұлттық идея

Оқиға • Бүгін, 08:12

Сайлаушыларға үндеу жолдады

Саясат • Бүгін, 08:11

Қайырымдылық дүкені бар қала

Руханият • Бүгін, 08:03

9 жасар баланың өмірін жалмады

Коронавирус • Бүгін, 07:59

Көптен күткен жекпе-жек

Кәсіпқой бокс • Бүгін, 07:53

Плей-офф кезеңіне шықты

Футбол • Бүгін, 07:51

Көрмедегі көркем кітаптар

Аймақтар • Бүгін, 07:45

Алып ағаш

Оқиға • Бүгін, 07:42

Торғай тарихының тағылымы

Таным • Бүгін, 07:39

Қапастағы қарсылық

Руханият • Бүгін, 07:35

Бақбақ тістеген тарих

Ең қысқа әңгіме • Бүгін, 07:31

«Теңізшевройлдан» – 825 көшет

Аймақтар • Бүгін, 07:25

Елбасы дәрісханасы ашылды

Аймақтар • Бүгін, 07:22

Дәуірден озған дара тұлға

Елбасы • Бүгін, 07:20

Сақтансаң, сау боласың

Қоғам • Бүгін, 06:54

Жазудың түбін қазу

Қоғам • Бүгін, 06:50

Ұқсас жаңалықтар