Ауа райы • 28 Қазан, 2020

29-31 қазан күндері күн жылынады

407 рет көрсетілді

Синоптиктер алдағы 29-31 қазан күндері ауа райы қандай болатынын айттып берді, деп хабарлайды Egemen.kz

"Алдағы үш күнде Қазақстан аумағының басым бөлігі солтүстік-батыс антициклонның ықпалында болады. Ауа райы көбіне жауын-шашынсыз болады,  республиканың солтүстігінде, орталығы мен оңтүстік-шығысында жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын жауады. Осы кезеңде шығыста және оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында қатты жауын-шашын жаууы мүмкін. Кей жерлерде жел күшейіп, бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі. Ауа температурасы керісінше көтеріледі, себебі бүкіл республиканың территориясына Иран аймақтарынан жылы ауа массалары енеді", делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар

Ұқсас жаңалықтар