Аймақтар • 29 Қазан, 2020

Балқашта ұсталған браконьерден қоян еті тәркіленді

81 рет көрсетілді

Балқашта ұсталған браконьерден қоян еті тәркіленді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

28 қазан күні сағат түнгі 2.00 шамасында Қарағанды облысы Балқаш қалалық полиция бөлімінің қызметкерлері рейдтік іс-шаралар өткізу барысында далалықта кетіп бара жатқан автокөлікті байқаған. Балқаш қаласының  44 жастағы  тұрғыны айдап келе жатқан күдік тудырған автокөлік тоқтатылды. Көлікке жүргізілген тексеру барысында полиция қызметкерлері көліктен аңшы мылтығын және қоянның етін тәркілеген.

Аталған факт бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 337-бабына (Заңсыз аңшылық) сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Соңғы жаңалықтар

Жаяуға да жаза бар

Қоғам • Кеше

Ұқсас жаңалықтар