Білім • 30 Қазан, 2020

Алматыда мұғалімдер үстемеақысын 10 қарашаға дейін алады

23 рет көрсетілді

Алматы әкімдігі Білім және ғылым министрлігімен бірігіп педагогикалық шеберлік үшін төленетін үстемеақы мәселесін шешті, деп хабарлайды Egemen.kz

Қалалық Білім беру басқармасында хабарлағандай, ҚР БҒМ тарапынан осы мақсатта республикалық бюджеттен қосымша қаражат бөлу мәселесі қарастырылып жатыр.

"Педагогикалық ставкалардың артуына байланысты тапшылық пайда болды. Бұл мақсатта бөлінетін қаражат республикалық бюджетте қарастырылады", деді басқармадан.

Бүгінде қалада 8100 мұғалім жергілікті бюджеттен 25 пайыздық қосымша үстемеақы алды. Одан бөлек 15 мың мұғалімге үстемеақы төленбеген болатын. Қалалық басқарма республикалық бюджеттен қаражат бөлу туралы өтінім берді. Министрлік тарапынан өтінім мақұлданды. 10 қарашаға дейін барлық мұғалімдер тамыз-қыркүйек айындағы үстемеақысын алады.

Соңғы жаңалықтар

Қап тауындағы тұтқын

Қазақстан • Кеше

Қолды болған гараж

Аймақтар • Кеше

Ұқсас жаңалықтар