Ауа райы • 31 Қазан, 2020

Бүгін жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі

10 рет көрсетілді

Бүгін Қазақстан аумағының басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алайда, еліміздің шығысында фронталды бөліктердің ықпалынан қар жауса, батыс өңірлерде орталығы Қара теңіз маңайында орналасқан циклон жырасының әсерінен жаңбыр жауады. Республиканың кей жерлерінде тұман, оңтүстік және батыс өңірлерде желдің күшеюі күтіледі.

Жамбыл, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде желдің күші 15-20 м/с артады. Жамбыл облысында сондай-ақ тұман болжанады. Тәулік бойы Ақмола, Павлодар, Қарағанды, түнде және таңертең Алматы, Солтүстік Қазақстан, түнде Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман болады.

Соңғы жаңалықтар

Келер жылы тариф көтерілмейді

Экономика • Бүгін, 08:19

Комиссия отырысын өткізді

Саясат • Бүгін, 08:04

Жасанды интеллект жәрдемі

Технология • Бүгін, 07:58

Ұқсас жаңалықтар