Аймақтар • 21 Қараша, 2020

Газ баллон жарылған елордалық кафедегі жағдай бойынша жедел штаб құрылды

533 рет көрсетілді

Елорда әкімі ТЖД мен полиция департаментіне тамақтану орындарында өрт қауіпсіздігі сақталуын тексеруді тапсырды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Төтенше жағдай кезінде қаза болған қыздың отбасына көмек көрсетіледі. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов өзінің Инстаграм парақшасында жазды.

"Газ баллон жарылған кезде бөлмеде болған қыздың отбасы мен туыстарына көңіл айтамын. Марқұмның отбасына көмек көрсетіледі. Төтенше жағдайды тергеу үшін арнайы комиссия құрылды. Жедел штаб құрылып, психологиялық және ақпараттық қолдау көрсету үшін жедел желі 24-51-71, 24-51-47 құрылды.

Төтенше жағдайлар департаменті мен полиция департаментіне қаладағы басқа да қоғамдық тамақтану нысандарын өрт қауіпсіздігі ережелерінің сақталуын тексеруді тапсырдым", - деп жазды Алтай Көлгінов.

Соңғы жаңалықтар

Жаяуға да жаза бар

Қоғам • Кеше

Ұқсас жаңалықтар