Еркежан АЙТҚАЗЫ«Egemen Qazaqstan»
183 материал табылды

Экономика • 21 Мамыр, 2020

Шағын несие шамасы келетіндерге беріледі

Биылғы жылдың мамыр айындағы көрсеткіш бойынша ресми тіркелген 247 шағын қаржы ұйымы, 169 ломбард, 9 несие серіктесі бар. Бұл ұйымдардың ірі қалаларда, облыстарда бірнеше бөлімшелері барын ескерсек, жалпы көрсеткіш әлдеқайда жоғары екенін көруге болады.   

Экономика • 21 Мамыр, 2020

Барлық қаржы ұйымдары үшін жылдық мөлшерлеме 56 %-ды құрайды

Елімізде онлайн несие алушылар саны жылдан жылға артпаса, кеміген жоқ. Ұлттық банктің мәліметінше, өткен жылдың басында 318 мың несие онлайн арқылы берілген. Бұндай ұйымдар әр өтініш берушінің несие тарихын парақтап отырмайтыны түсінікті. Қаржыдан қысылған адамға 10-15 минуттың ішінде несие беретін онлайн ұйымдардан жарты млн-ға жуық қазақстандық қарыз алып үлгерген.

Экономика • 21 Мамыр, 2020

Шағын қаржы ұйымдары банктермен бәсекелес бола ала ма?

Биылдан бастап еліміздегі микроқаржы ұйымдары, ломбардтар және онлайн-кредиторлардың жылдық мөлшерлемесі 56 %-дан аспайды. Бұған дейін жылдық мөлшерлемені аталған ұйымдар 100 %-бен беріп келген еді.

Экономика • 15 Мамыр, 2020

Самұрық-Қазына: Экономиканы жандандыру және жұмыс орындарын құру

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ ең алдымен ел экономикасының нақты секторын қолдауға бағытталған сатып алу тетіктерін жетіл­діру бойынша жұмыс жүргізіп жатыр. Соның бірі – Қор бастамасы­мен іске асып жатқан импортты алмастыру бағдарламасы және дағдарыс жағдайындағы «оффтейк-келісімшарттар» механизмі. Қазақстан экономикасын қалпына келтіру жөніндегі шаралар бойынша онлайн баспасөз мәслихаты барысында бұл туралы Қор Басқарма төрағасының орынбасары Әлішер Пірметов мәлімдеді.

Қоғам • 13 Мамыр, 2020

«5-10-20»: Баспана тұрғын үй кезегінде тұрғандарға беріледі

Алдағы уақытта Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі «Нұрлы жер» бағдарламасының жаңа бағыты ретінде «5-10-20» пилот жобасын іске қосады. Аталған ипотекалық бағдарламаға тұрғын үйге мұқтаж ретінде жергілікті атқарушы органдарда есепте тұрған азаматтар қатыса алады.

Қазақстан • 13 Мамыр, 2020

«5-10-20» тұрғын үй нарығына қалай әсер етеді?

«7-20-25» бағдарламасы қамти алмаған тұстарды «5-10-20» қамти ала ма? Жаңаның ескіден негізгі артықшылықтары қандай болмақ? GSB UIB директорының орынбасары, экономист Мақсат Халықтың айтуынша, бірінші бағдарламада алғашқы жарна төлеу мәселесі аса өзекті болды.

Қазақстан • 12 Мамыр, 2020

«5-10-20» бағдарламасының шарттары әлі белгісіз

Еліміздегі сұранысқа ие ипотекалық бағдарламалардың артықшылықтары мен кемшіл тұстары жайында  GSB UIB директорының орынбасары, экономист Мақсат Халықтан сұрап білдік. Оның айтуынша, Қазақстандағы тұрғын үй нарығында ең оңтайлы екі бағдарлама бар.

Қазақстан • 12 Мамыр, 2020

Бағдарлама баспаналы болуға бағытталуы тиіс

Күні кеше Мемлекет басшысы баспана кезегінде тұрғандардың мәселесін шешу үшін «5-10-20»  бағдарламасын іске қосуды тапсырды. Бұл бағдарламаны жүзеге асыру үшін дағдарысқа қарсы қаражат аясында 390 миллиард теңге бөлінбек.

Экономика • 11 Мамыр, 2020

Егіс жұмыстарының науқаны басталмақ

Еліміздің оңтүстік өңірлерінде жердің 70 пайызына егіс егілді. Үш астықты өңір – Ақмола, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында топырақ құрамындағы ылғалды жабу жұмыстары аяқталды, егіске дейінгі топырақты өңдеу жүргізілуде. Бидайдың жаздық тұқымдарын жаппай егу науқаны мамыр айының ортасынан басталмақ. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрінің бірінші орынбасары Айдарбек Сапаров Қостанай облысына барған жұмыс сапары барысында хабарлады.

Экономика • 11 Мамыр, 2020

Мемлекеттік бюджет кірісі үш айда 3,3 трлн теңге болды

Биылғы жылдың I тоқсанында мемлекеттік бюджетке түсетін кіріс көлемі 3,34 трлн теңгені құрады. Жоспар бойынша жыл соңына дейін 13,75 трлн теңге кіріс түседі деп жоспарланған. Осылайша, көрсеткіш 24,3% - ға орындалып отыр.