Тағайындау • 28 Ақпан, 2020

Айдос Майлыбаев Ақмола облысының прокуроры болып тағайындалды

32 рет көрсетілді

Бас Прокурордың бұйрығымен Ақмола облысының прокуроры болып аға әділет кеңесшісі Айдос Серікханұлы Майлыбаев тағайындалды. Бұл туралы Бас прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады.   

А.Майлыбаев 1977 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. Жоғары құқықтық білімі бар. Алматы облысының екі ауданының прокуроры болып қызмет атқарған.

Сонымен қатар Жамбыл облысы прокурорының орынбасары және Ақтөбе облысы прокурорының бірінші орынбасары болған.

Осы тағайындауға дейін Бас прокуратураның департамент бастығы болған.

Қоғамдық тәртіп пен заңдылықты қамтамасыз етудегі жетістігі үшін Мемлекет басшысының Жарлығымен «Жауынгерлік ерлігі үшін» (2014ж.) медалімен марапатталған.

Соңғы жаңалықтар

COVID-19: Вакцина бағасы қандай болмақшы?

Коронавирус • Бүгін, 15:13

Алдағы күндері аяз болады

Аймақтар • Бүгін, 11:25

Елордада STEM олимпиадасы өтті

Аймақтар • Бүгін, 10:30

Пневмонияның 43 жағдайы тіркелді

Коронавирус • Бүгін, 09:10

Саңлақтар сыр бермеді

Күрес • Бүгін, 08:28

Білім мен рухани бірлік алаңы

Руханият • Бүгін, 08:23

Ұқсас жаңалықтар