Қоғам • 14 Наурыз, 2020

Мұғалімдер үйден жұмыс істей алады - А. Аймағамбетов

577 рет көрсетілді

Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Орталық коммуникациялар алаңында өткен брифингте мәлімдеді.

Министрдің айтуынша, оқушылар демалысында мұғалімдер әдетте мектепке келетін, ал қазір олар үйден жұмыс істеуге мүмкіндік алды.

Сондай-ақ жоғары оқу орындарының оқытушылары да сабақты онлайн форматта жұмыс орнына келмей, үйден жүргізе алады. 

Білім саласының қызметкерлері үш категорияға бөлінген. Біріншілері  - білім ұйымдарының жұмысын жүргізуге тікелей қатысатын қызметкерлер жұмысқа шығулары керек. Жоғарыда айтылған ұстаздар екінші санатқа кіреді. Олар қашықтықтан жұмыс істеп, жалақысын толық алады.

Соңғы жаңалықтар

Музейлер, тарихи мұралар жаңғыртылуда

Аймақтар • 04 Желтоқсан, 2020

Бір түнде бес мас жүргізуші анықталды

Аймақтар • 04 Желтоқсан, 2020

Қазақстан Туын қайдан сатып алуға болады?

Қазақстан • 04 Желтоқсан, 2020

Ұқсас жаңалықтар