Экономика • 21 Мамыр, 2020

Ұшақпен 1,6 млн жолаушы тасымалданды

7 рет көрсетілді

Статистика комитетінің дерегі бойынша, биылғы жыл­дың алғашқы тоқсанында әуе компаниялары тасымалдаған жолаушылардың жалпы саны 1 млн 687 мың адам болды. Бұл көрсеткіш өткен жылдың сәй­кес кезеңімен салыстырғанда 5,2%-ға көп.

Алайда наурыз-сәуір айларында жолаушылар саны 70%-ға қысқарды. 1 сәуірден бастап Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік комиссияның тапсырмасын орындау шеңберінде қазірге дейін 97 халықаралық бағыт бойынша аптасына 440 рейс неме­се барлық халықаралық ұшулардың 99%-ы қысқартылған болатын. 1 мамырдан бастап қана ел ішіндегі рейс­тер ішінара ашыла бастады.

Азаматтық авиация саласы сарап­шыларының хабарлауынша, әуе рейстерінің тоқтап қалғанының салдарынан отандық әуе компаниялары­ның табысы күрт азайып кетті. Бұл көрсеткіш олардың жылдық табысына да кері әсер ететіні сөзсіз. «Самұрық-Қазына» АҚ Көлік және логистика жөніндегі басқарушы директоры Қанат Алпысбаев айтқандай, «Эйр Астананың» кірісі шамамен 139,5 млрд теңгеге немесе 33%-ға, «Qazaq Air» АҚ-ның кірісі 6,2 млрд теңгеге немесе 44%-ға төмендеуі мүмкін. Жыл соңына дейінгі шығын көлемі шамамен 300 млрд теңгені құрайды деген болжам бар.

Азаматтық авиация саласында шамамен 20 мың адам жұмыс істейті­нін айта кетейік. Төтенше жағдайға қарамастан, бұл салада қысқарту болған жоқ.

Соңғы жаңалықтар

Мереке қарсаңындағы марапат

Аймақтар • Бүгін, 16:06

COVID-19: Вакцина бағасы қандай болмақшы?

Коронавирус • Бүгін, 15:13

Алдағы күндері аяз болады

Аймақтар • Бүгін, 11:25

Елордада STEM олимпиадасы өтті

Аймақтар • Бүгін, 10:30

Пневмонияның 43 жағдайы тіркелді

Коронавирус • Бүгін, 09:10

Саңлақтар сыр бермеді

Күрес • Бүгін, 08:28

Білім мен рухани бірлік алаңы

Руханият • Бүгін, 08:23

Ел чемпионатында топ жарды

Спорт • Бүгін, 08:20

Ой түбінде жатқан сөз...

Қоғам • Бүгін, 08:17

Аңыздар айқасы тең аяқталды

Кәсіпқой бокс • Бүгін, 08:15

Ұқсас жаңалықтар