Саясат • 23 Қыркүйек, 2020

Франция Елшісі Қазақстандағы дипломатиялық миссиясын аяқтады

8 рет көрсетілді

Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Францияның Қазақстандағы Елшісі Филипп Мартинэні еліміздегі дипломатиялық миссиясының аяқталуына байланысты қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Тараптар Қазақстан мен Франция арасындағы қарым-қатынастардың күн тәртібінде тұрған өзекті мәселелермен, сондай-ақалдағы уақытта екіжақты және көпжақты форматтағы өзара іс-қимыл жөніндегі пікірлермен алмасты.

Дипломаттар тараптардың жан-жақты өзара тиімді ынтымақтастықты тереңдетуге өзара ынталарын атап өтті.

Кездесу соңында сыртқы саяси ведомствосының басшысы Ф.Мартинэге екі ел арасындағы саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланыстарды нығайтуға қосқан үлесі үшін Құрмет грамотасын табыс етті.

Соңғы жаңалықтар

Ұқсас жаңалықтар