Табиғат құбылыстарын зерделеуден туған халқымыздың күнтізбесі мен өмір сүру салтында мизам шуағы деген ұғым бар. Оның дәл қай күні басталып, қай күні аяқталатынын ешкім дөп басып айта алмайды. Әйтсе де жаймашуақ жазға бергісіз, тіпті үп еткен жел де соқпай тына қалған жанға жайлы құбылыс көп жағдайда қазанның алғашқы онкүндігіне сәйкес келіп жүргенін байқауға болады. Осы есепке сайғанда қазақ жерінің інжу-маржандарының бірі, курортты өңір – Бурабайда соңғы күндері мизам демалушылардың жүзіне кәдімгідей шуағын жүгірткеніне куә бола аламыз.

Көкше еліміздің солтүстік белдеуіне біршама таяу орналасқандықтан, өзге өңірлерден демалуға келетін отандастар арасында: «Мұнда салқын мен ызғар ерте түседі» деген түсінік қалыптасқан. Сондықтан да олардың бірқатары артынып-тартынып, жылы киімдерін ала келгенге ұқсайды. Дегенмен кейінгі күндері оның қажеті болмай қалып жүргені табиғат терезесі арқылы жіберілген сый-сияпаттай көрінеді. Бурабай жыл мезгілінің қай кезеңінде де көркін қашырмай, ажарын жоғалтпай тұра беретін таңғажайып өңір екеніне тағы бір мәрте көзіміз жете түсті.
Бурабайдың басты емі мен шипасы көкіректі бірден ашып жіберетін саф, жұпар ауасы, самырсын мен балқарағай ағаштарынан бөлінетін өлшеусіз оттегі екені айтылып та, жазылып та жүр. Айдын көлдер мен биік шоқылар, ұзынынан көсіле жайғасқан қия құздар Көкшенің атмосфералық тепе-теңдігін сақтауға септігін тигізіп тұрғаны талассыз. Сірә, дана Абай «Сылдырап өңкей келісім, Тасбұлақтың суындай» деп осындай көркемдікті айтса керек. Күн еңкейген сайын Көкшенің қайталанбас көрінісі, Бурабай курорты маңайының көздің жауын алатындай сан алуан бояулары бұдан әрі түрленіп, көл айдындарына сұлбасын түсірген шың-құздар маңғаз кейіпке көшеді.
Көкшеде күні кеше жадыраған жаздың өткеніне Бурабай кентінің іргесінде орналасқан қайық «стансасы» куә бола алатын секілді. Олардың басы біріктіріліп, ұқыпты түрде бір бұрышқа жинақталыпты. Өткен аптада бұл маңай жым-жырт, тым-тырыс күйінде күздің хабарын беріп тұрғандай еді. Ал бүгінгі көрініс басқашалау. «Станса» маңында қараң-құраң еткен адамдар көрінді. Көл бетінде қайықпен серуендеушілер пайда болып, олар батар күннің шұғыласына малынып жүргендей әсерде қалдық. Айдынның айналасына әртүрлі жас шамасындағы адамдар келіп, дірілі мен толқыны жоқ тымық көл бетіне қызықтап қарап тұрды.
Бір кезде жағадағы қойтастардың арасынан ел аузында сүңгуір-шүрегей деп аталып кеткен үйрек пішіндес көл құстары барқылдап шыға келді де айдын ортасына қарай жылжи жөнелді. Бурабайдағы күзгі кештің қараңғылығы қоюлана түскенімен, батқан күннің шоқтай қызыл шапағы шатқалдың үстінде көп уақытқа дейін жоғалмай тұрып алды.
– Ертең күн тағы да жылы болады. Өйткені күн ұясына алаулап қызарып батты ғой, – деді осы сәтте жанымдағы серігім мүлгіген тыныштықты тіліп түсіп.
Жанға жайлы тиіп, қиялға ерік беретін Бурабайдың күзгі кештерінің көрінісі біраз уақытқа дейін көкейден кете қоймас, сірә.
Петропавл тұрғыны өз үйінен мыңға жуық оқ тауып алған
Аймақтар • Кеше
Өскемендік жауынгерлер шеберлігін шыңдады
Аймақтар • Кеше
Түркістан облысында 1500 шақырымнан астам жол жөнделді
Аймақтар • Кеше
Алматыда пәтерде жалғыз қалып қойған 2 жасар бала құтқарылды
Аймақтар • Кеше
Бортта темекі шеккен ер адам елорда әуежайында ұшақтан түсірілді
Қазақстан • Кеше
Қасым-Жомарт Тоқаев Индонезия Президентіне көңіл айтты
Президент • Кеше
Президент Парламент Мәжілісінің пленарлық отырысына қатысты
Президент • Кеше
Ресей Ашық аспан келісімінен бас тартты
Әлем • Кеше
Қызылордалық зияткер баламалы қуат көзін ойлап тапты
Аймақтар • Кеше
Гүлшара Әбдіқалықова облыстық мәслихат сессиясына қатысты
Аймақтар • Кеше
Шығыс Қазақстанда шектеу шаралары ұзартылады
Аймақтар • Кеше
Алматы облысында 34 мың орынды мектеп салынады
Аймақтар • Кеше
Оралда қолына шприц ұстап, көшеде жүрген адам ұсталды
Аймақтар • Кеше
Нұр-Сұлтандағы карантиндік шаралар туралы қаулы жаңартылды
Аймақтар • Кеше
Нұр-Сұлтанда биыл крещение рәсімі өтпейді
Елорда • Кеше
Атырауда жоғалған 3 адам аман-есен табылды
Аймақтар • Кеше
Алматының әкімі міндетін аяқтаған депутаттарға алғысын білдірді
Аймақтар • Кеше
Театр сыншылары үздіктерді анықтады
Руханият • Кеше
Ауа райына байланысты 6 облыста дауылды ескерту жарияланды
Қазақстан • Кеше
Отандық бизнесті қолдау шаралары артатын болады
Қазақстан • Кеше
Атырауда облыстық мәслихаттың хатшысы сайланды
Аймақтар • Кеше
Павлодарлық тұрғын жарты тонна балықты заңсыз тасымалдаған
Аймақтар • Кеше
Он күн ішінде Үкімет құрамы таныстырылады
Үкімет • Кеше
«Елбасының кітапханасының» жаңа директоры тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Асқар Мамин Премьер-Министр болып тағайындалды
Үкімет • Кеше
Ресей азаматы Қазақстанда 13 жыл құжатсыз тұрған
Аймақтар • Кеше
Атырауда коронавирус жұқтырғандар 85 адамға көбейді
Аймақтар • Кеше
Сенат Төрағасы Парламенттің алдағы жұмысына пікір білдірді
Парламент • Кеше
Айгүл Құспан жаңа қызметке тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Алматыда қалалық мәслихаттың хатшысы сайланды
Аймақтар • Кеше
Мәжілісте комитет төрағалары сайланды
Тағайындау • Кеше
Полицейлер сауда үйінен екі ұрыны ұстады
Аймақтар • Кеше
Ақтауда діни мереке кезінде суға түсуге шектеу қойылды
Руханият • Кеше
Парламент • Кеше
Шетелден ұшып келген 2 қазақстандықтан коронавирус анықталды
Коронавирус • Кеше
Аймақтар • Кеше
Өзекті мәселелердің шешімі табылатын болады
Парламент • Кеше
Алматы мәслихаты шешуге тиісті ең өзекті мәселе қандай?
Аймақтар • Кеше
Парламент • Кеше
Мәжілістің 2 комитетін парламенттік оппозиция өкілі басқармақ
Парламент • Кеше
Мәжіліс спикерінің орынбасарлары сайланды
Парламент • Кеше
2020 жылы Алматыда 8 елдің азаматтары емделді
Медицина • Кеше
Ангела Меркель орнын босата ма?
Әлем • Кеше
Демалыс күндері ауа райы қандай болады?
Ауа райы • Кеше
Украина Ресейден вакцина ала ма?
Әлем • Кеше
Нұрлан Нығматулин Мәжіліс төрағасы болып сайланды
Парламент • Кеше
Ұқсас жаңалықтар