Қоғам • 21 Қазан, 2020

Нұр-Сұлтанда сенбі күні сауда орталықтары жұмыс істемейді

269 рет көрсетілді

Бұл туралы Нұр-Сұлтанның бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жанна Пірәлиева мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

"Әзірге эпидемиологиялық жағдай келесі демалыс күндері сауда орталықтарын ашуға мүмкіндік бермейді. Қазір бізде жеңілдік жасауға мүмкіндік жоқ, COVID-19 жағдайларын тіркеу жалғасуда. Мәселен, кеше 29 жағдай балалар арасында да, ересектер арасында да тіркелді. Көбінесе олар симптомды түрімен ауырады. Сондай-ақ аурудың алдыңғы аптамен салыстырғанда өсуі байқалады. Бүгін бесінші күн елорда "жасыл" аймақта тұр, осы көрсеткіштер 14 күн бойы сақталғаннан кейін ғана жеңілдету туралы айтуға болады", деп түсіндірді Жанна Пірәлиева.

Соңғы жаңалықтар

Ұқсас жаңалықтар