Аймақтар • 27 Қазан, 2020

Жоғалған бала 12 сағатта табылды

121 рет көрсетілді

Кеше Қазалы ауданының 32 жастағы тұрғыны кәмелетке толмаған ұлының үйінен шығып кетіп, қайта келмегені туралы  полицияға  хабар беріпті. Бұл туралы хабарлама бірден әлеуметтік желілерде жарияланды. 

Түскен хабарлама бойынша  аудандық полиция бөлімінің жеке құрамы, аудандық білім бөлімінің қызметкерлері, кент тұрғындарынан жасақталған еріктілер іздестіру жұмыстарына кірісті.  Ауданның барлық ауылдары мен далалық жолдары,  вокзал маңы, орман алқаптары түгел қамтылды.  

Бірігіп жүргізілген жұмыстар нәтижесінде бала таңғы сағат 5:30 шамасында табылды. Тәртіп сақшылары өз қызметтерін мінсіз орындап, баланы анасына тапсырды. Жасөспірімнің үйден кету себептері анықталып жатыр.  

"Көп жағдайда балаларды кезекші тәулікте іздеп табамыз. Баланың ісін шалалық деуге де болады. Көбіне олар достарымен ойнап, кететін жағын ата – анасын ескертпей жатады. Бүгінгі сәтті аяқталған іздеу жұмыстарына қатысқандардың барлығына алғысымды білдіремін",- дейді Қазалы аудандық полиция бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі Сәбит Арынов.

Соңғы жаңалықтар

Саңлақтар сыр бермеді

Спорт • 27 Қараша, 2020

Тұрғын үй алаяғы қолға түсті

Қоғам • 27 Қараша, 2020

Алматы облысында жер сілкінді

Оқиға • 27 Қараша, 2020

Ұқсас жаңалықтар