Әлем • 29 Қазан, 2020

Франция мен Германияда локдаун жарияланды

15 рет көрсетілді

Франция президенті Эммануэль Макрон елдің континентальды бөлігінде жалпыұлттық локдаун енгізілгенін жариялады және адамдардың ел өңірлері арасында қозғалуына тыйым салынғанын хабарлады. Шектеу шаралары кем дегенде қараша айының соңына дейін созылады деп күтілуде, деп хабарлайды Egemen.kz.

"Мен жұма күннен бастап вирустың таралуын тоқтату үшін оқшаулауды енгізу керек деп шештім", деді ел президенті.

Адамдар тек жұмысқа бару үшін және медициналық көмек алатын кезде сыртқа шығуға болатындығын атап өтті. Көшеге шығу үшін арнайы нысанды толтыру қажет. Бұл талап көктемде бірінші локдаун кезінде қолданылды. Үш адамнан артық жиналуға болмайтындығын ескертті. Мейрамханалар мен барлар, сондай-ақ маңызды емес кәсіпорындар жұмысын тоқтатады.

Макронның айтуынша, коронавирустың таралуының екінші толқынының ауыр салдарын болдырмау үшін жаңа ережелер енгізілуде, бұл біріншіден гөрі ауыр болуы мүмкін. Өткен тәулікте Францияда коронавирустан 523 адам қайтыс болды, олардың 235-і ауруханаларда емес, үйде.

Бұған дейін Германия канцлері Ангела Меркель 2 қарашадан бастап төрт аптаға созылатын локдаунның енгізілгенін мәлімдеді.

Мейрамханалар келушілерді қабылдамайды және тек азық-түлік сатып ала алады. Дүкендер мен оқу орындары жұмысын жалғастырады. Адамдарға бір-біріне қонаққа баруға рұқсат етіледі, бірақ 10 адамнан және екі үй шаруашылығынан артық компаниялар жиналмайды. Меркельдің айтуынша, денсаулық сақтау жүйесінің құлдырауына жол бермеу үшін қатаң шектеулер қажет.

Өткен тәулікте Германияда 15 мыңға жуық адам ауырып қалды.

Соңғы жаңалықтар

Саңлақтар сыр бермеді

Спорт • 27 Қараша, 2020

Тұрғын үй алаяғы қолға түсті

Қоғам • 27 Қараша, 2020

Алматы облысында жер сілкінді

Оқиға • 27 Қараша, 2020

Ұқсас жаңалықтар