Аймақтар • 29 Қазан, 2020

Қарқаралыдағы Құнанбай қажы мешіті жөнделді

24 рет көрсетілді

Қарқаралыдағы іргесінің қаланғанына 167 жыл болған Құнанбай қажы мешіті жөндеуден өтті, деп хабарлайды Egemen.kz облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл шаруа Қарағанды облыстық мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының тарихи-мәдени мұраны сақтау орталығының тапсырысы аясында іске асты.

Ағаштан соғылған, екі қабаттан тұратын мешіттің 1849-1853 жылдар аралығында хакім Абайдың әкесі Құнанбай Өскенбайұлының қаражатына салынғаны белгілі. Кезінде мешіт ішіндегі медресе бала оқытты, мұнда шәкірттерге арналған жатақхана және молдалардың үйі болған.

Ал совет заманында мешіттің мұнарасы құлатылды да, ғимараттың бір бөлігі әуелі мектепке, содан соң ол қоймаға айналдырылды. Кейін, тіпті бос қалып, біраз уақыт қараусыз күйде тұрды.

Тек, өткен ғасырдың 80-жылдары мешіт қалпына келтіріліп, дін өкілдеріне берілді. Арада он жылдай өткен соң, яғни 1991 жылы Құнанбай қажы мешіті Қазақстанның тарихи және мәдени ескерткіштерін қорғау және қалпына келтіру өндірістік бірлестігінің мамандары ғимаратты қайта жөндеуден өткізді.

Бүгінгі күнде қажы салдырған қасиетті мешіт Қазақстанның киелі жерлерінің тізіміне енгізілген.

 

 

Қарағанды облысы

Соңғы жаңалықтар

Адасқан балықшы аман табылды

Аймақтар • Бүгін, 17:06

«Каспий» ҚПЛ-да қалды

Футбол • Бүгін, 08:19

«Алаш» – нағыз ұлттық идея

Оқиға • Бүгін, 08:12

Сайлаушыларға үндеу жолдады

Саясат • Бүгін, 08:11

Қайырымдылық дүкені бар қала

Руханият • Бүгін, 08:03

9 жасар баланың өмірін жалмады

Коронавирус • Бүгін, 07:59

Көптен күткен жекпе-жек

Кәсіпқой бокс • Бүгін, 07:53

Плей-офф кезеңіне шықты

Футбол • Бүгін, 07:51

Ұқсас жаңалықтар