Әлем • 01 Қараша, 2020

Әлем бойынша вирус жұқтырғандар саны 46 млн-нан асты

3375 рет көрсетілді

Әлемде коронавирус инфекциясының жаңа түрін жұқтырғандар саны 46 миллион адамнан асып кетті, деп хабарлайды Egemen.kz.

1 қарашада Джонс Хопкинс университетінің мәліметінше әлем бойынша барлығы 46 015 562 адам COVID-19 вирусын жұқтырған.

Пандемия құрбандарының саны 1 194 906 адамға жетті. Сондай-ақ 30,7 млн адам қауіпті вирустан емделіп шықты.

COVID-19 вирусынан ең көп зардап шеккен ел АҚШ болып отыр. Бұл елде 9 402 590 адам инфекция жұқтырған. Екінші орында 8 184 082 тұрғыны вирус жұқтырған Үндістан тұр. Ал Бразилия үшінші орында тұр. Соңғы деректерге сүйенсек, бұл елде 5 535 605 адам қауіпті инфекция жұқтырған.

Жалпы, өткен тәулікте әлемде коронавирус инфекциясын жұқтырудың жаңа рекордтық көрсеткіші тіркелді, яғни бір күнде 535 928 адамның COVID-19 вирусын жұқтырғаны анықталды. Ал бүгін 505 756 жағдай тіркелді.

Соңғы жаңалықтар

Саңлақтар сыр бермеді

Спорт • 27 Қараша, 2020

Тұрғын үй алаяғы қолға түсті

Қоғам • 27 Қараша, 2020

Алматы облысында жер сілкінді

Оқиға • 27 Қараша, 2020

Ұқсас жаңалықтар