Әлем • 23 Қараша, 2020

Мексикада эпидемия құрбандарының саны 100 мыңнан асты

6 рет көрсетілді

Мексикада COVID-19-дан қайтыс болғандар саны 100 мыңнан асты. 125 миллион халқы бар мемлекет үшін бұл деңгей (9,8%) әлемдегі ең жоғарғылардың бірі болып саналады. Миллионнан астам адам қауіпті вирусты жұқтырған, - деп хабарлайды Egemen.kz

Сонымен қатар, ел билігі індетті жұқтырғандардың нақты саны ресми статистикадан әлдеқайда жоғары болуы мүмкін екенін мойындап отыр.

Індеттің таралуының күрт өсуіне жеткіліксіз шектеу шаралары мен биліктің де, халықтың да жауапсыздығы себеп болуы мүмкін. Мысалы, наурыз айында жергілікті телеарналарда коронавирустың таралуы төтенше жағдай емес деп айтылған жарнамалар көрсетілген, ал ел басшысы Андрес Мануэль Лопес Обрадор тұмар тағу мен дұға оқу коронавирус инфекциясынан қорғай алады деп мәлімдеген болатын.

Соңғы жаңалықтар

Маңызды қадам болды

Парламент • Бүгін, 15:06

Қалалық мәслихат сессиясы

Аймақтар • Бүгін, 14:52

Парламентке тапсырма берді

Парламент • Бүгін, 14:35

Ұқсас жаңалықтар