Аймақтар • 30 Қараша, 2020

Нұр-Сұлтан қаласында экомектеп ашылды

15 рет көрсетілді

Мичурино елді-мекенінде оқушылар жаңа үш қабатты кең ғимаратта білім алады. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов өзінің Инстаграм парақшасында жазды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

"Елордада шеткері аймақта 1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күні қарсаңында эко мектеп ашылды. Мичурино елді-мекенінде бұрын оқу орны болмаған, мектеп оқушылары мен мұғалімдер мектепке бейімделген үй – жайда оқыған. Мекеме шағын болғандықтан, сабақтар үш ауысымда өтті. Енді оқушылар үш қабатты кең ғимаратта білім алады. Педагогтардың тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін бұрынғы үй-жайды жатақханаға қайта жабдықтап, балаларға арналған үйірмелер ашуды жоспарлап отырмыз.

Жаңа мектепте экологияға баса назар аударылды. Мұнда экомәдениет негіздері, табиғатқа ұқыпты қарау, қатты тұрмыстық қалдықтарды дұрыс сұрыптау бойынша сабақтар мен семинарлар өтеді. Бұл бағытта мектептерге ӨКМ операторы көмектеседі. 80-ге жуық оқу орнын қамтылған "Эко Асар" экомарафоны барысында оқушыларға қоқысты дұрыс сұрыптаудың маңыздылығы туралы нұсқау берілді. Оқушылар қайта өңдеуге 40 мың тоннаға жуық шикізат жинады.

Экономикалық бағытты қаланың басқа мектептерінде де енгіземіз. Мемлекет басшысы балалардың экологиялық білім алуына ерекше назар аударуды тапсырды.

Сонымен бірге балалар теориялық білімді іс жүзінде қолдануы үшін мектепте бақша болады, балалар өсімдіктер мен өнімдер өсіре алады, күтім жасауды және оны бағалауды үйренеді.

Егер өткен жылы 6 мектеп салынып, пайдалануға берілсе, биыл - 12. Кейбір мектептер пайдалануға берілді, қалғандары осы жылдың соңына дейін аяқталады", - деп жазды Алтай Көлгінов.

Соңғы жаңалықтар

Соққан жел нысандарды қиратқан

Аймақтар • 16 Қаңтар, 2021

Атырауда қанша қайыршы бар?

Аймақтар • 16 Қаңтар, 2021

Сочиде сайысқа түседі

Спорт • 16 Қаңтар, 2021

Ақтөбе облысында базар жанып кетті

Аймақтар • 16 Қаңтар, 2021

Ұқсас жаңалықтар