Аймақтар • 30 Қараша, 2020

Ертең сауда және ойын-сауық орталықтары қалай жұмыс істейді?

19 рет көрсетілді

1 желтоқсанда Нұр-Сұлтан мен Алматыдағы ойын-сауық орталықтары мен қоғамдық көліктердің қалай жұмыс істейтіні айтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Нұр-Сұлтан әкімдігінің баспасөз қызметі Тұңғыш Президент күні қоғамдық көлік қалыпты режимде жұмысын жалғастыратынын айтты. Елорданың бас мемлекеттік санитардәрігерінің қаулысына сәйкес, қоғамдық көліктің жұмысына жұмыс күндері және сенбі күндері рұқсат етіледі, ал жексенбі күндері тыйым салынады. Жол жүру төлемі тек қолма-қол ақшасыз жүргізіледі.

Ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері мен базарлар да қалыпты режимде жұмыс істейтін болады.

Алматыда да 1 желтоқсанда қоғамдық көлік бұрынғы режимде жұмыс істейді. Санэпидбақылау департаменті сауда және ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері мен базарлар бұрынғы режимде жұмыс істейтінін хабарлады. Салют болмайды.

Соңғы жаңалықтар

Соққан жел нысандарды қиратқан

Аймақтар • 16 Қаңтар, 2021

Атырауда қанша қайыршы бар?

Аймақтар • 16 Қаңтар, 2021

Сочиде сайысқа түседі

Спорт • 16 Қаңтар, 2021

Ақтөбе облысында базар жанып кетті

Аймақтар • 16 Қаңтар, 2021

Ұқсас жаңалықтар