Аймақтар • 03 Желтоқсан, 2020

Жастарға жалға берілетін тұрғын үй туралы жиі қойылатын сұрақтарға жауаптар

57 рет көрсетілді

Жұмыс істейтін жастарға сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй алуға құжаттар қабылдау елордада 1 желтоқсаннан басталды және 6 желтоқсанды қоса алғанда жалғасады.

Елорданың тұрғын үй қоры бағдарламаның шарттары туралы жиі қойылатын сұрақтарға жауап дайындады.

1. Ерлі-зайыптылардың екеуі де 29 жасқа толмаған болуы тиіс пе немесе тек өтініш беруші ме?
- Тек өтініш берушіге.

2. Декреттік демалыста жүрген үміткерлер қатыса ала ма?
- Иә, соңғы 6 айда 40 АЕК артық табыс болған жағдайда.

3. Жұмысқа орналасу ресми болуы керек пе?
- Бағдарламаға ресми түрде жұмысқа орналасқан жастар немесе жеке кәсіпкерлік қызметін жүзеге асыратын жастар қатыса алады.

4. Жоғары немесе орта арнаулы білімнің болуы міндетті ме?
- Жоқ, 11 жылдық мектеп аттестатымен де болады.

5. Айына 111 120 теңге (40 АЕК) табыс қолына болуы керек пе немесе жалақы ма?
- Жалақы. Мысалы, егер Сізде жалақы 112 000 теңге болса, ал қолыңызға 90 000 теңге алсаңыз, онда Сіз өтесіз.

6. Зейнетақы аударымдары міндетті ме?
- Иә. ІІМ қызметкерлері мен әскери қызметшілерден басқа, бірақ олар қатысу үшін тұрғын үй төлемдерін алмайтындығы туралы анықтаманы қоса тіркеулері тиіс.

7. 111 120 ерлі-зайыптылардың екеуінің де жиынтық табысынан шығуы мүмкін бе?
- Жоқ. Құжаттарды беретін үміткерде ай сайынғы табыс кемінде 40 (қырық) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде болуы тиіс.

8. Ерлі-зайыптылар қатысуға құжаттарын жеке-жеке тапсыра ала ма?
- Иә. Сондай-ақ, қатысушыларды бір отбасынан іріктеу кезінде екі үміткерге тұрғын үй берілмейтіндігін ескеру қажет.

9. АӘК, мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақы және т.б. табысы үшін есептеле ме?
- Мемлекеттік жәрдемақылар, сондай-ақ өтініш берушінің табысы болып табылады және төлем қабілеттілігін бағалау кезінде ескерілуі мүмкін.

10. Осы бағдарлама бойынша тұрғын үй алғаннан кейін ҚТҚЖБ арқылы «Нұрлы жер», «Баспана хит» және «7-20-25» сияқты басқа да бағдарламаларға қатыса аламын ба?
- Сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй 5 (бес) жыл мерзімге беріледі. Осыдан кейін Сіз кез-келген тұрғын үй бағдарламаларына қатысуға құқығыңыз бар.

11. Егер мен әскери қызметші ретінде тұрғын үй төлемдерін алатын болсам, қатыса аламын ба?
- Жоқ.

12. Нұр-Сұлтан қаласында екі жылдан астам тұрақты тіркелу бар, бірақ нақты үзіліссіз тіркелу ме немесе мені мекенжайдан шығарып жерген болар, білмеймін, не істеу керек?
-109 нөмірі бойынша колл-орталыққа жүгініп, өзіңіздің ЖСН айтсаңыз, оператор көші-қон полициясы базасынан Сіздің тіркелуіңіз бойынша деректерді қарап береді.

13. Жылжымайтын мүлік сатылғаннан бері өтуі тиіс 5 жыл ма немесе 2 жыл ма?
- 2 жыл.

14. 2 жылдық тұрақты тіркеу тек өтініш берушіде болуы керек пе немесе отбасы мүшелерінің барлығында ма?
- Тек өтініш берушіде.

15. Егер үміткер барлық талаптар бойынша сай келсе, бірақ ресми түрде басқа қалада жұмыс істеген жағдайда, ол құжаттарды тапсыра алады ма? (Мысалы, басқа қалада вахталық әдіспен жұмыс істеу)
- Иә, мүмкін. Егер Нұр-Сұлтан қаласында кемінде 2 жыл тұрақты тіркелуі бар болса.

16. Мүліктің жоқтығы туралы анықтама Нұр-Сұлтан қаласы бойынша немесе ҚР бойынша болуы тиіс пе?
- ҚР бойынша.

17. Егер өтінім беруші өтінімді 28 жасында тапсырса, ал 2 күннен кейін ол 29 жасқа толатын болса, оның өтініші қарастырылады ма?
- Құжаттарды тапсыру сәтінде және конкурстық рәсімнен өту соңына дейін өтініш берушіге 29 жас болмауы тиіс.

18. Үміткердің жасы 29 жасқа дейін қоса алғанда ма?
- Жоқ, құжаттарды тапсыру сәтінде Сізге 29 жас болмауы тиіс.

19. Егер мен тұрмысқа шықпаған болсам (үйленбеген болсам) және балаларым болмаса, қатыса аламын ба?
- Иә, қатыса аласыз.

20. Мемлекеттік қызметте жұмыс істеу міндетті ме?

- Жоқ, барлық ресми жұмысқа орналасқан тұлғалар қатыса алады.

21. Депозит тек ҚТҚЖБ-де болуы керек пе немесе кез келген банкте болады ма?
- Кез келген екінші деңгейлі банкте.

22. Мен Нұр-Сұлтан қаласында тұрғын үй кезегінде тұрмын, егер осы бағдарлама бойынша өтіп және уақытша пәтер алсам, мені кезектен шығарып тастайды ма?
- Иә, тұрғын үй кезегінен шығарады.

23. Қажетті құжаттар тізбесіне сәйкес өтініш беруші банктік шот бойынша ақшаның қалдығы және қозғалысы туралы үзінді көшірмені ұсынуы тиіс. Банктегі шот қандай болуы керек? (ағымдағы, есептік, кредиттік, депозиттік, қысқа мерзімді, валюталық, карточкалық, банкаралық, арнайы)
- Аталған шоттардың кез келгені, бірақ балдар тек депозиттік шот бойынша есептелетін болады..

24. Қандай нақты құжаттар әртүрлі салалардағы жеке жетістіктер болып саналады? (грамота, сертификат, алғыс хат, медаль, кубок)
- Бұл бағдарлама «Жұмыс істейтін жастар» арналған болғандықтан өтініш берушінің әртүрлі қызмет салаларындағы жеке жетістіктерін растайтын құжаттар бойынша кәсіби саладағы жетістіктерді ескеру қажет.Мысалы, жұмыс берушіден грамоталар, марапаттар мен алғыс хаттар.

25. Түрлі салалар деген нені білдіреді? Мысалы, егер өтініш беруші ветеринар болып жұмыс істесе және оның кондитерлік өнімдерді дайындау бойынша жеңіп шыққан конкурс туралы грамотасы бар болса, бұл әр түрлі салаларда жетістік деп санала ма немесе өз мамандығы шеңберінде ғана болуы тиіс пе?
- Өтініш берушінің мамандығы шеңберінде алғыс хаттар немесе грамоталар түріндегі жетістіктерді ескеру қажет. Егер грамотаны алу кезінде үміткер кондитер болып жұмыс істесе, онда баллды есептеу қажет.

26. Мысалы, егер өтініш берушіде бір жыл ішінде 3-4 грамота бар болса, 2 балдан есептелінеді ме немесе шектеулер бар ма?
- Жоқ. Грамоталардың санына қарамастан 2 балл есептеледі.

27. Егер өтініш беруші қазіргі уақытта мемлекеттік қызметші болып табылмаса, мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардағы еңбек өтілі есепке алынады ма?
- Иә, есепке алынады. Сонымен қатар, конкурсқа қатысу кезінде өтініш беруші Қағидаларда көрсетілген талаптарға сай келуі қажет.

28. Өтініш берушінің жоғары білім беру мамандығы бойынша «Қолданбалы геология», оның мамандығы 100 сұранысқа ие мамандық тізіміне кіреді, бірақ бұл мамандық бойынша еңбек қызметін жүзеге асырмайтын болса, оған 10 балл есептелді ме?
- Жоқ. Өтініш берушіге қажетті 100 мамандық тізіміне кіретін мамандықтың кәсіби қызметін жүзеге асыру кезінде балл беріледі.

29. Осы бағдарлама бойынша пәтерлер қайда орналасқан?
- Бағдарлама бойынша өтінімдерді қабылдау туралы хабарландыру кезінде пәтерлердің орналасқан жері туралы қосымша хабарланатын болады.

30. Сіздер несие тарихына қарайсыз ба, менде несие бойынша кешіктірулер бар ма?
- Жоқ, несие тарихын қарастырмаймыз.

31. Жазда еңбек демалысында болдым, содан бір айда табыс 40 АЕК-тен аз, не істеу керек?
- Сіздің табысыңыз азайтылған айға себебін көрсету бойынша еңбек демалысы немесе еңбекке уақытша жарамсыздық туралы бұйрықты қосымша тіркеу қажет

32. ТЖ кезінде табысынан айырылып, жалақысы сақталмайтын демалысқа жіберілдім және т.б., менің өтінішімді қарастырады ма?
- Егер Сіз Нұр-Сұлтан қаласында ТЖ кезінде 42500 теңге алған болсаңыз және ол аяқталғаннан кейін қашықтан жұмыс нысанында болсаңыз, соның салдарынан Сіздің кірістеріңіз төмендеген болса, бұл өзгерістер Сіздің өтінішіңізді қарастыру кезінде ескерілетін болады. Сіз жұмыс орнынан кезеңді көрсете отырып, қашықтықтан жұмыс нысанында болғаныңыз туралы анықтаманы қосымша қоса беруіңіз қажет.

33. Егер мен осы бағдарлама бойынша пәтер алсам, оны жалға алушыларға жалға бере аламын ба?
- Жоқ. Осы бағдарлама бойынша пәтер берген кезде, біз Сізбен жалдау шартын жасасамыз, онда келісім-шарт бұзылатын жағдайда көрсетіледі:

1. Тұрғын үйді жалдау шартында көрсетілмеген адамдардың тұруы, пәтерді үшінші тұлғаларға жалға беру;
2. Дәлелді себепсіз 6 айдан артық жалдау ақысын төлемеу;
3. Меншік құқығымен мүлікті сатып алу;

Соңғы жаңалықтар

Ұқсас жаңалықтар