Аймақтар • 04 Желтоқсан, 2020

Қызылордада балалардың туберкулез ауруынан көз жұму жағдайы тіркелмеген

11 рет көрсетілді

Қызылорда облысы бойынша 2020 жылдың 10 айында балалар мен жасөспірімдер арасында туберкулез ауруынан көз жұму жағдайы тіркелмеген, - деп хабарлайды Egemen.kz

Жалпы облыс көлемінде жыл басынан бері туберкулездің 310 жаңа жағдайы тіркелген, бұл 2019 жылыдың осы кезеңімен салыстырғанда 18,3%-ке төмендегенін көрсетіп отыр. Індеттен көз жұму деңгейі де 35,3%-ке азайған, оның ішінде балалар мен жасөспірімдер арасында бірде-бір жағдай тіркелмеген.

Есепті мерзімде туберкулез ауруына қарсы 17 245 сәби вакцинация және 9 131 ревакцинация арқылы, барлығы 26 376 балаға егу жұмыстары жүргізілген. Егуден кейінгі асқыну жағдайлары тіркелген жоқ.

Жыл басынан флюрографиялық тексерумен облыс тұрғындарының 96,8%-і қамтылған.

Санитариялық мамандар тарапынан туберкулезге қарсы екпенің маңыздылығы және туберкулезді алдын алу бойынша ағарту жұмыстары үздіксіз жүргізілуде.

Соңғы жаңалықтар

Соққан жел нысандарды қиратқан

Аймақтар • 16 Қаңтар, 2021

Атырауда қанша қайыршы бар?

Аймақтар • 16 Қаңтар, 2021

Сочиде сайысқа түседі

Спорт • 16 Қаңтар, 2021

Ақтөбе облысында базар жанып кетті

Аймақтар • 16 Қаңтар, 2021

Ұқсас жаңалықтар