Қарашаш ТОҚСАНБАЙ«Egemen Qazaqstan»
116 материал табылды

Қазақстан • 24 Сәуір, 2020

Сексен жыл сақталған хат

Өзінің көлемі мен адам шығыны жағынан дүниеде теңдесі жоқ ең қанды әрі жойқын екінші дүниежүзілік соғысқа әлем халықтарының 80 пайызы қатысып, 60-тан астам мемлекеттің қамтылуы бұл кезеңнің адамзат тарихынан алар орнын жаңа заман тұрғысынан қайта үңіле зерделеуді талап етеді.

Қоғам • 22 Сәуір, 2020

Тілегін өлеңмен жеткізген кәсіпкер

«Ел ерімен еңселі» дейді халқымыз. Үлкен-кішіге үлгі-өнегесімен танылған мұндай жандарға ел іші кенде емес. Соның бірі – «Алпамыс батыр» республикалық қоғамдық қорының төрағасы, жеке кәсіпкер Бауыржан Оңғарбаев. Түркістандық азамат 2014 жылы Жетісайда өз қаржысына биіктігі 14 метр болатын Алпамыс батыр ескерткішін орнатқан болатын.

Қазақстан • 21 Сәуір, 2020

Шертпе күйдің шебері

Қазақ ұлттық өнер университетінің профессоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, белгілі күйші Жанғали Жүзбайдың «Қырық буын қосбасар» атты онлайн лекция-концертінде Арқа мен Қаратау өңірі күйшілерінің інжу-маржан туындылары орындалды.

Руханият • 18 Сәуір, 2020

«Астана Опера» театрының «Балет және оның қыр-сыры» атты жаңа жобасы

Бағдарламаның алғашқы шығарылымы әлеуметтік желілер мен YouTube платформасында көпшілікке ұсынылып, көрермен тарапынан қызу қолдау табуда. Бұл туралы пікір білдірушілер классикалық хореография өнерінің тарихы мен қазіргі жетістіктері, басты ерекшеліктері мен ережелері жөнінде мағлұматтың тапшылығын алға тартып, мұндай идеяның әсіресе өнерсүйер жұртшылық үшін өте маңызды екенін тілге тиек етуде. Бейнесабақты тамашалаған көрермен балет спектаклін түсініп көру үшін бұл бастаманың көрерменге көп көмек тигізіп жатқанына ризашылық білдірді.

Қазақстан • 15 Сәуір, 2020

Бәрі оны қазақтың баласы дейді (видео)

Әлеуметтік желіде «Дүние, шіркін» термесін домбырамен тебірене шырқаған Алексей Лодочниковтің өнері қызу талқыға түсіп жатыр. Қазақтың қасиетті қара домбырасымен ән салып, терме-толғау айту – кез келгеннің маңдайына бұйыра бермейтін киелі өнер. Мұндай жоғары деңгейге қол жеткізу үшін дәстүрлі әншінің қанында ұлттық музыканың тұнық қайнары бүлкілдеп тұруы қажет. Асыл маржан теңіздің түбіне ғана тұнады десек, жан-дүниесі даланың құрақтай сарынымен үндесіп, қазақы қайырымдар мен мақамдарды қалтқысыз игерген орындаушыға халықтың ақжарма лебізінің де дәл солай шын көңілден төгіле өріліп жатқанына куә болдық. Жас әншінің өнерін аз уақытта 20 мыңнан астам адам тамашалап, жанкүйерлері пікір жазып, арман-аңсарын, бақытын қазақ елімен байланыстырған өзге ұлт өкілдерінің, әсіресе кейінгі жас буынның мемлекеттік тілге, қазақтың дәстүрлі ұлттық өнеріне деген  сүйіспеншілігіне ризашылық сезімдерін білдірген.

Руханият • 11 Сәуір, 2020

Тар әлемнің ішіндегі кеңістік

Айналаңа жақсылық жасау, мейірім-шапағатыңды төгу деген сөздердің мағынасы міндетті түрде біреуге қаржылай көмек қолын созу, тұрмыстық деңгейі төмен отбасыларға жәрдемдесу сияқты тек материалдық жағдайға қатысты айтылатын игілікті іспен шектелмейді, сонымен қатар ол – кісінің көңіл-күйіне шуақ себелеп, жан-дүниесіне әсер ететін рухани байлықпен де тығыз байланысты ауқымы кең айшықты ұғым.

Руханият • 09 Сәуір, 2020

Қазақ ақыны қырғызша жырланды

Қырғыз Республикасының халық әртісі, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, «Тоқтоғұл» атындағы Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Саламат Садықова әлеметтік желі арқылы белгілі ақын Ақберен Елгезектің өлеңіне жазылған жаңа әнін таныстырды. Бұл туралы әнші өзінің фейсбуктегі парақшасында: «Қадірлі қалың жұртым, үй карантининде комузбен орындаған  жаңа әнімді қабыл алыңыздар.  Ән «Сыйыну» деп аталады. Сөзін жазған ақын Ақберен Елгезек, әуені өзімдікі. Жалпы адамзатқа амандық тілеймін!» деп жазды.

Өнер • 09 Сәуір, 2020

«Астана Операның» онлайн-терапиясы

Тұма кеңістікті тұмшалаған эпидемиядан құлазыған көңілді сейілту үшін бүкіл әлемнің сахна саңлақтары онлайн-концерттер өткізуде. Психолог-мамандар мұндай жобалардың пайдалы жақтарын ескертіп, челлендждер ұйымдастыруға, музыкалық шығармаларды тыңдап, тамашалауға, өзін өзі дамытумен айналысуға кеңес беруде. Өзге қазақстандық әртістерімен қатар, «Астана Опера» театрының ұжымы да классикалық өнерді сүйетін көпшілікке онлайн-концерт ұсынды.

Руханият • 06 Сәуір, 2020

Құрлық асып, құлашын кең жайған туынды ағылшын тіліне аударылды

Біртуар талант иесі  Баянғали Әлімжановтың  «Сказ столетнего степняка» романы, «Разрешите жить!», «Аблай хан и его батыры» атты хикаят-әфсаналары өткен жылы Мәскеуде, орыс тілінде жарық көргені жұртшылыққа жақсы мәлім. Ал биыл белгілі қаламгердің аталмыш туындылары Лондонда ағылшын тілінде жарық көріп, дүйім дүниеге тарағалы жатқаны қазақ әдебиеті үшін үлкен жетістік ретінде бағалануда. Халқымыздың жүз жылдық тағдыр-тарихы, ақиқатсүйгіш адал жандардың арман-мұңы, ата-бабаларымыздың ерлік аңыздары баяндалатын туындылардың ағылшын тіліндегі нұсқасы батыс жұртшылығын бей-жай қалдырмайды деген ойдамыз.

Таным • 27 Наурыз, 2020

Замана шындығын жазған жазушы

Белгілі жазушы, аудармашы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Болат БОДАУБАЙДЫҢ шығармашылық әлемі кешегі кеңес заманы мен Тәуелсіздік алған қазіргі кезеңдегі ел тағдырын тұтас қамтитын қос дәуір шежіресі іспетті. Қаламгердің әдеби еңбектері жас буынды ұлттық құндылықтарымызды сүйіп, ұлтқа адал қызмет етуге үндейді. Төмендегі әңгімеде журналист-жазушының өмір-өрнегі мен шығармашылық шыңы қамшының қос өріміндей қатар өріледі.