
Өнер • 09 Сәуір, 2020
«Астана Операның» онлайн-терапиясы
Тұма кеңістікті тұмшалаған эпидемиядан құлазыған көңілді сейілту үшін бүкіл әлемнің сахна саңлақтары онлайн-концерттер өткізуде. Психолог-мамандар мұндай жобалардың пайдалы жақтарын ескертіп, челлендждер ұйымдастыруға, музыкалық шығармаларды тыңдап, тамашалауға, өзін өзі дамытумен айналысуға кеңес беруде. Өзге қазақстандық әртістерімен қатар, «Астана Опера» театрының ұжымы да классикалық өнерді сүйетін көпшілікке онлайн-концерт ұсынды.
Руханият • 06 Сәуір, 2020
Құрлық асып, құлашын кең жайған туынды ағылшын тіліне аударылды
Біртуар талант иесі Баянғали Әлімжановтың «Сказ столетнего степняка» романы, «Разрешите жить!», «Аблай хан и его батыры» атты хикаят-әфсаналары өткен жылы Мәскеуде, орыс тілінде жарық көргені жұртшылыққа жақсы мәлім. Ал биыл белгілі қаламгердің аталмыш туындылары Лондонда ағылшын тілінде жарық көріп, дүйім дүниеге тарағалы жатқаны қазақ әдебиеті үшін үлкен жетістік ретінде бағалануда. Халқымыздың жүз жылдық тағдыр-тарихы, ақиқатсүйгіш адал жандардың арман-мұңы, ата-бабаларымыздың ерлік аңыздары баяндалатын туындылардың ағылшын тіліндегі нұсқасы батыс жұртшылығын бей-жай қалдырмайды деген ойдамыз.
Таным • 27 Наурыз, 2020
Белгілі жазушы, аудармашы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Болат БОДАУБАЙДЫҢ шығармашылық әлемі кешегі кеңес заманы мен Тәуелсіздік алған қазіргі кезеңдегі ел тағдырын тұтас қамтитын қос дәуір шежіресі іспетті. Қаламгердің әдеби еңбектері жас буынды ұлттық құндылықтарымызды сүйіп, ұлтқа адал қызмет етуге үндейді. Төмендегі әңгімеде журналист-жазушының өмір-өрнегі мен шығармашылық шыңы қамшының қос өріміндей қатар өріледі.
Сұхбат • 26 Наурыз, 2020
Президент сыйлығының лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығы мен «Парасат» орденінің иегері, «Аты жоқ кітап», «Тілім қышып барады», «Қысыр әңгіме», «Ауызбастырық», «Неменеңе жетісіп күлесің?», «Мың бір мысал», Па, шіркін, Пародия!», «Батпанқұйрық», «Сөйле десең, сөйлейін» атты 30-ға жуық сатиралық кітаптың авторы, белгілі сатирик Көпен ӘМІРБЕК қазақ сатирасының өткені, бүгіні һәм ертеңі туралы ой толғайды.
Қоғам • 07 Ақпан, 2020
Өмірдің мәні – өткенді бағалауда
Тарихи оқиғаларды танып-білуде, болашақты айқындап, өткеніміздің шынайы болмысына баға беруде архив ісінің атқарар рөлі орасан зор. «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жетi қыры» бағдарламалары аясында ел аймақтарынан архивтiк құжаттарды толықтыру мақсатында жүзеге асырылып жатқан іс-шаралар және саладағы басқа да өзекті мәселелер туралы Нұр-Сұлтан қаласы мемлекеттік архивінің директоры Мейрам БЕКТЕМБАЕВ баяндайды.
Қоғам • 28 Қаңтар, 2020
Ата-бабаларымыздың байырғы ырым-тыйымын ескерсек, қазақ түнде үйден күл шығармаған, себебі күл төгілген жерді басуға болмайды, түрлі жамандық атаулы күлмен бірге көшеді, күлден шыққан жамандық адамның өзімен бірге үйіне ілесіп барады деп сақтандырған.
Руханият • 13 Қаңтар, 2020
Басылымнан асқан байлық бар ма?
Жадымыздан өше бастаған құнды жәдігерлерді түгендеп, ел руханиятына сүбелі үлес қосып жүрген тұлғалар аз емес. Нұр-Сұлтан қаласы мемлекеттік архивінің мамандары жақында Петропавл қаласында тұратын коллекционер Михаил Ситниковтің жеке қорынан 24 басылымның 1238 данасын тауып, сараптама жасады. Олардың дені Ақмола, Қызылжар, сондай-ақ Омбы, Орынбор, Мәскеу, Санкт-Петербург қалаларында жарық көрген басылымдар. Солтүстікқазақстандық коллекционер бұл туралы әуелі әлеуметтік желі арқылы хабар таратып, газет тігінділерін бір миллион теңгеге бағалайтынын жеткізген.
Әдебиет • 30 Желтоқсан, 2019
Қазақта жыр-күйі деген жанр – ежелден бар дәстүр. Яғни, әуелде жырланып, сосын күйге бергісіз толғау ретінде ел арасына кең тараған. Жыр-күйі – жыраулар мен жыршылар, термешілер қолданатын мақам, әуен. Әр дәуірдің, әр өңірдің бүгінде жыр, толғау, терме, дастан, қисса айтатын өзіне лайық мақам-сазы, әуені сақталған.
Қоғам • 04 Қараша, 2019
Қазақтың «Ауру батпандап кіріп, мысқалдап шығады» деген мәтелі көбіне рухани жүдеулік пен азапты дертке ұшырап, ұлттық әдет-ғұрып пен салт-дәстүрден қол үзген, халықтық қалыппен қабыспайтын сиықсыз әрі сорақы жаңа салттардан көпшілікті сақтандыру мақсатында айтылып жатады. Бұл дерт ең алдымен жас ұрпақтың тамырын кеміріп, тауын шағатын құртқа, ал бүкіл ұлт үшін үлкен сорға айналды. Бүгінгі әңгімеміз – ұлттық тәрбиенің бесігі саналатын, ғасырлар бойы халқымызбен бірге жасасып келе жатқан той мәдениеті төңірегіндегі түйткілдер жайында болмақ.
• 10 Қазан, 2019
Аристотель: «Би – адамның мінез-құлқын, ішкі жан-дүниесін, әрекетін көрсететін таза ырғақтың көрінісі...» деген екен. ЮНЕСКО-ның шешімімен 1982 жылдан бастап балетмейстер, би өнерінің шебері Жан Жорж Новердің (1727-1810) туған күніне орай халықаралық би күні мерекеленеді. «Балет өнерінің атасы» ретінде тарихта қалған француз реформаторының «Би мен балет жайлы хат» атты туындысы кез келген балет мектебі үшін әлі күнге дейін құнды құрал саналады. Мұнда балеттік қойылымдардың қыр-сыры, пантомимо және би өнері туралы егжей-тегжейлі жазылған еді.