Еркежан АЙТҚАЗЫ«Egemen Qazaqstan»
183 материал табылды

Қазақстан • 07 Мамыр, 2020

Мемлекеттік қолдауға ие болғандардың 95%-ы шағын және орта бизнес өкілдері

Аграрлық несие корпорациясы «Кең дала» бағдарламасы бойынша көктемгі дала жұмыстарын қаржыландыруды 35 күн ішінде аяқтады, 2 405 фермер жылдық 5% есеппен 70 млрд теңге алды. Мемлекеттік қолдауға ие болғандардың 95%-ы шағын және орта бизнес өкілдері, деп хабарлады Ауылшаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі.

Қоғам • 06 Мамыр, 2020

Онлайн-шопинг: Желіде қандай алаяқтықтар кездесуі мүмкін

Төтенше жағдай мен карантин кезінде интернеттен керек затыңызды сатып алу әдеттегі жағдайға айналды. Онлайн режимінде азаматтар мейрамхана тағамдары, азық-түлік, халық тұтынатын тауарлар, тұрмыстық техника және т.б. сатып алуға ниетті. Бұл уақытта коронавирус пандемиясы пайдаланып белсене іс-әрекет жасауға көшкен алаяқтардың тұзағына оңай түсіп қалуға болады деп ескертеді халықтық қаржылық сауаттылығын арттыру орталығы.

Экономика • 06 Мамыр, 2020

Сәуір айында тіркелген көліктер саны күрт азайған

Биылғы сәуір айдағы автокөлік құралдарын тіркеу көлемі өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 40 пайызға қысқарған.

Бағдарламалар • 06 Мамыр, 2020

Сараптамалық зерттеу нәтижесі таныстырылды

COVID-19 пандемиясы белең алғалы әлемдік экономикалық жағдай күрделене түсті. Осы тұста мемлекеттің қаржылық, әлеуметтік салаларын ұстап тұру үшін арнайы зеттеулер мен сарапшылардың болжамы мемлекеттің дамуы үшін аса маңызды болмақ. Тұңғыш Президент – Елбасы Қорының тапсырмасымен былтыр Әлемдік экономика және саясат институты және бірқатар ұлттық сарапшылар тобының қатысуымен, Зерттеу және кеңес беру орталығы (CRC), «TALAP» қолданбалы зерттеу орталығы, Еуразияның Whiteshield Partners аймақтық бөлімі бірлесіп, модернизациялау мәселелері бойынша кешенді ғылыми-қолданбалы зерттеулер жұмысын бастады.

Үкімет • 06 Мамыр, 2020

Жұмыс орындарын ашу көзделеді

Кеше Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Жұмыспен қамтудың жол картасын іске асыру барысы баяндалды.

Экономика • 06 Мамыр, 2020

Самғамаған «самұрықтар» (Әуе компаниялары дағдарысты біртіндеп еңсереді)

COVID-19 әлемдегі ең ірі деген әуе компанияларын қаңтарып қойғанына бірнеше айға жуықтады. Төтенше жағдайға байланысты жолаушылардың әуе қатынастары Қазақстанда да толық тоқтаған болатын.

Қазақстан • 01 Мамыр, 2020

Қазақстандық авиакомпаниялар: Келетін шығын көлемі 300 млрд теңге

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұловтың айтуынша, қазақстандық авиакомпанияларға жыл соңына дейін 300 млрд теңге көлемінде шығын келуі мүмкін.

Экономика • 01 Мамыр, 2020

Тығырыққа тірелген әуе компанияларының жағдайы мәз емес

COVID-19 пандемиясы салдарынан зардап шеккен әуе кемелері жеткілікті. Тіпті, бұл нарыққа ықпал етуге итермелейтін шешімдер қабылдауда. Мысалы, Аргентинадағы азаматтық авиацияның Ұлттық әкімшілігі қабылдаған жаңа ережелерге сәйкес елдің ішінде коммерциялық  әуе компанияларға қыркүйек айына дейін ұшуға мүлдем тиым салынған.

Әлем • 01 Мамыр, 2020

Авиакомпаниялар «өмір сүру» үшін күресуде

Халықаралық әуе тасымалы қауымдастығы (IATA) әр елдің үкіметін авиа компанияларға көмек көрсетуге шақырды. Әлемдегі сан жылдық тарихы бар ірі әуе компанияларының өзі бұл жолғы дағдарыстан шығуға әлеуеттері де қарым-қабілеттері де жеткіліксіз болып отыр. IATA хабарлауынша, дағдарыс салдарынан әлемдік авиация саласы мен туризм секторындағы бұл саламен етене байланысатын 25 миллионға жуық жұмыс орнының жартысына жуығы қысқаруы мүмкін.  Болжам бойынша, жолаушылар тасымалынан түскен табыс былтырғы жылмен салыстырғанда 55%-ға кеміген. Жыл аяғына дейін бұл саладағы  сұраныс 80%-ға дейін түсіп кетуі мүмкін.

Экономика • 30 Сәуір, 2020

Былтыр отандық құс фабрикалары 527 млн дана жұмыртқаны экспорттады

 «Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту» мемлекеттік бағдарламасында 2020 жылдан бастап жұмыртқаға тауарлық субсидияны алып тастау қарастырылған. Субсидияны алып тастау туралы норма 2017 жылы мемлекеттік бағдарлама қабылданған сәтте құс фабрикалары басшылары мен құс өндірушілердің салалық қауымдастығымен келісілген болатын. Алайда, COVID 19 вирусының таралуынан туындаған дағдарысқа байланысты 2020 жылы жұмыртқаның өзіндік құны күрт өсті.