Еркежан АЙТҚАЗЫ«Egemen Qazaqstan»
183 материал табылды

Қазақстан • 08 Сәуір, 2020

Облыстар көктемгі егін науқанына дайын

Биылғы егін жұмыстары үшін дизель отынына ұсынылатын баға тоннасына 194 мың теңгені құрады. Жеткізу мен сақтауды есепке алғанда шаруалар үшін болжамды баға литріне шамамен 165 теңгені құрауы тиіс. Жалпы көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге 387 мың тонна дизель отыны бөлінді.

Қазақстан • 08 Сәуір, 2020

Егіс науқанына бөлінген 70 млрд теңгенің басым бөлігі шаруаларға берілді

Мемлекет басшысы аграрлық саланы қаржыландыру басым бағыттардың бірі екенін айтып, ҚазАгро холдингіне және оның еншілес ұйымдарына тиісті міндеттер жүктегені белгілі. Бұл бағытта нақты қандай жұмыстар атқарылып жатқаны туралы «ҚазАгро» холдингі» АҚ  Басқарма төрағасы Ербол Қарашөкеев айтып берді.

Үкімет • 08 Сәуір, 2020

Құрылыс саласы тұраламауға тиіс

Кеше Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдар­ла­­ма­сының іске асырылу барысы, суармалы жерлердің ирри­гациялық инфрақұрылымын жаңғырту мәселелері қаралды.

Қоғам • 07 Сәуір, 2020

Жеке кәсіпкерлердің 80%-ы жұмысын тоқтатты

Карантин енгізілген кезеңде тек Алматыда жалпы кәсіпорындардың жұмыскерлерінің саны 266 мың адамға қысқарды. Жеке кәсіпкерлердің 80%-ы өз жұмысын тоқтатқан. Осылайша, алдын ала есептеулерге сүйенсек, карантин кезінде 500 мыңға жуық қала тұрғындары қаржылық келеңсіздікке тап болуда.    

Қазақстан • 07 Сәуір, 2020

Елдегі жұмыссыздықпен күрес қалай жүргізілмек?

Төтенше жағдай режимі кезеңінде Президент Қ.Тоқаевтың тапсырмасы «Жұмыспен қамутдың жол картасын» іске асыруға 1 трлн теңге қарастырылған. Бағдарламада 7 мыңнан аса жоба қамтылады. Оның ішінде 300-ден астамы өнімді, перспективалы жобалар, бұл жобалар тұрақты жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді.

Экономика • 06 Сәуір, 2020

Экспорттық әлеуетті арттыру көзделмек

Төтенше жағдай кезінде нарықтың үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсаты тұр. Осы ретте, Мемлекет басшысы экспортқа өнім шығаратын компанияларды қолдауға тапсырма берді. Бұл бағытта қандай жұмыстар атқарылып жатқаны туралы Сауда және интеграция вице-министі Азамат Асқарұлы айтып берді.

Қазақстан • 06 Сәуір, 2020

Карантин кезінде ет бағасы қымбаттайды ма?

Елдегі төтенше жағдай кезінде ет нарығындағы жағдай жақсарып, сұраныс артқан. Бұл туралы ет одағының басшысы Мақсұт Бақтыбаев lS-ке берген сұхбатында айтады.

Әлем • 05 Сәуір, 2020

Ресей тығырықтан шығар жол іздейді

Экономикасы мұнайға тәуелді елдер үшін қаржылық қиындықты еңсеру оңайға түспейтін деп тұр. Кейбір алдын ала жоспарланған мемлекеттік бюджеттің қайта қаралуына, резервтегі қаражаттың әлеуметтік салаларды қашанға, қаншалықты жететінін екшелеп алуға кірісіп кетті. Өйткені «жығылғанға жұдырық» болған коронавирустың салдарынан жаппай карантин жарияланып, қазынаға бизнестен түсетін табыс кемуде. Оның үстіне жұмыссыз халықтың қарасы көбейді. Әлемдік экономиканы екі өкпеден қысқан мұнай бағасымен коронавирустың салқынын сезініп, қысылтаяң сәтте тығырыққа тірелген елдердің бірі көршілес Ресей.

Елорда • 03 Сәуір, 2020

Блок-бекеттерден кәсіпкерлерге қандай жағдайда өтуге рұқсат беріледі?

Елорда әкімдігінде блок-бекеттер арқылы кәсіпкерлерге Нұр-Сұлтан қаласының аумағына өту үшін қандай құжаттардың қажет екендігі айтылды, деп хабарлады қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Коронавирус • 02 Сәуір, 2020

Коронавирустық инфекцияға қарсы күреске 23,4 млрд теңге бөлінді

Мемлекеттің дағдарысқа қарсы іс-шаралар жоспары дайын. Онда  салықтық преференциялар мен қолдауды есептемегенде, дағдарысқа қарсы шараларға қосымша  5,9 трлн теңге көзделіп отыр. Оның ішінде 2 жарым трлн теңге бюджеттен тыс қаражат есебінен көзделсе, 3 жарым трлн теңге республикалық бюджет есебінен қаржыландыру жоспарланған. Бұл туралы Президент жанындағы Орталық Коммуникациялар қызметінің алаңында өткен жиында Қаржы министрлігінің бірінші вице-министрі Берік Шолпанқұлов мәлімдеді.