Арман ОКТЯБРЬ«Egemen Qazaqstan»
731 материал табылды

Аймақтар • 31 Қазан, 2020

Алматы әкімінің орынбасары Телемедицина орталығының жұмысымен танысты

Алматы қаласы әкімінің тапсырмасымен Ержан Бабақұмаров коронавирус пандемиясының жаңа толқынына дайындық бойынша шаралар аясында құрылған Телемедицина орталығының жұмысын тексерді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Кино • 29 Қазан, 2020

Отбасы құндылығын дәріптеген телехикая

Алматы – армандар тоғысқан арда қала. Мұнда өмір сүрген адам тіршілік ырғақтарын бүкіл жан дүниесімен сезінеді. Миллион тағдыр мұңын шағып, сырын ашқан сәулелі шаһар түптеп келгенде өз тұрғындарын мақсат шыңына қарай жетелейді. Өйткені әркімнің жүрегінде өз Алматысы бар. «Өткінші жаңбыр» деп аталған су жаңа отандық телехикая Алматы табыстырған тағдырлардың өмір иірімдерін өзінше суреттеген.

Қоғам • 29 Қазан, 2020

«Алтын қаламға» Төлеуовтер ие болды

Алматыдағы Ұлттық кітапхана қабырғасында «Алтын қалам – 2020» әдеби жүлдесінің қорытындысы жарияланып, жеңімпаздардың есімдері таныстырылды. Дәстүрлі әдеби байқауға биыл Қазақстан, Ресей, Украина, АҚШ, Израиль, Беларусь елдерінен, сонымен қатар тұңғыш рет Моңғолия және Орталық Африка республикасынан барлығы 408 автор қатысты.

Сұхбат • 29 Қазан, 2020

Коронавирустан қалай қорғанамыз?

Эпидемиялық жағдайдың күрделенуіне байланысты Алматы қалалық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің қауіпсіздігі мен сапасын бақылау департаментінің карантиндік және аса қауіпті инфекцияларды эпидемиялық қадағалау бөлімінің басшысы Саят ҚАУМЕТБАЕВ жиі қойылатын сұрақтарға жауап беріп, сақтық шаралары туралы бірқатар ұсынысын ортаға салды.

Руханият • 28 Қазан, 2020

Алматының Орталық мешіті оттегі концентраторларын тапсырды

Бүгін Алматының Орталық мешіті қала әкімдігінің қолдауымен жақында ашылған модульді стационар – қалалық клиникалық балалар жұқпалы аурулар ауруханасының филиалына 14 оттегі концентраторын тапсырды, деп хабарлайды Egemen.kz

Оқиға • 27 Қазан, 2020

Алматыдағы Журналистер аллеясы

«Бір тал кессең, он тал ек» деген ұстаным алматылықтар үшін айнымас қағидаға айналғандай. Жасыл желекке оранған жазира қаланың тұрғындары әр аптаның демалыс күндері ағаш егіп, сауапты іске кенеліп жүр. Қолына қалам ұстаған тілшілер қауымы да бұл игі бастамадан сырт қалған жоқ. Алматының ең бір шұрайлы жерінде журналистер аллеясы пайда болды.

Өнер • 27 Қазан, 2020

Өзбек шеберлерінің өзгеше өрнегі

Ә.Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейінің Орталық көрме залында «Өзбекстан кескіндемесінің антологиясы» атты өнер жәрмеңкесі көрерменге жол тартты. Көрме осы жылдың қыркүйек айында дүниеден озған заманауи өзбек суретшісі Анвар Бахтеевтің рухына (1945-2020) құрмет ретінде ұйымдастырылып отыр.

Қоғам • 22 Қазан, 2020

Көлік нөмірін ұрлау көбейген

Ақша табу үшін неден де болса арланбайтын айлакерлердің әрекеті тыйылмай тұр. Қулығына құрық бойламайтын қаскүнемдер көше бойында қаңтарылып тұрған автокөліктердің нөмірін ұрлап, темір тұлпар иесінен ақша бопсалайтын болған.

Қоғам • 22 Қазан, 2020

Жылыту орталығын газға көшіру Алматыны түтіннен арылта ма?

Алматының экология мәселесі – миллиондар тоғысқан мегаполис тұрғындарын көптен алаңдатқан ахуалдың бірі. Айтыла ақжем, жазыла жауыр болған бұл тақырыптың түйінін тарқату үшін қаладағы көлік санын ретке келтіру мен шаһарды жылыту қазандығын газға көшіру керек дегенді экологтар соңғы бес жылдың көлемінде жарыса айтып жүр.

Қоғам • 20 Қазан, 2020

Алматыда жұмыс режимі бұзылған 49 нысан анықталды

Алматыда қала аумағында карантин режімінің сақталуын бақылау жалғасуда. Қалада құрамында аудандық әкімдіктердің, жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері, "Атамекен" ҰКП өкілдері және Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау аудандық басқармаларының мамандарынан құралған 26 мониторингтік топ жұмыс істейді, деп хабарлайды Egemen.kz.