Саясат • 03 Қыркүйек, 2019

Көңіл бөлуді талап ететін жағдай

25 рет көрсетілді

Президент Қ.Тоқаевтың халыққа Жолдауы Елбасының әлеуметтің әл-ауқатын жақсартуға арналған бағдарламасының жалғасы іспетті көптің көкейінен орын алды. Президент аса маңызды мәселелерге ерекше көңіл аударып, қоғамның ақсап тұрған тұстарын ашық атап көрсетті. Жолдауда белгіленген міндеттердің оң шешімін табуы биліктің алдағы саяси маусымындағы басты басымдығы болатыны сөзсіз. Басқару құрылымдары халықтың уақыт ағымындағы күрделі талаптары мен мәселесін құлақ қойып тыңдады. Дәл осы міндеттерге Президент көңіл аударуды тапсырды.

– Ғылымдағы жағдай ерекше көңіл аударуды талап етеді, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев өз баяндамасында. – Онсыз біз ұлтымыздың алға ілгерілеуін қамтамасыз ете алмаймыз. Тиісті жағдай жасалмаса, ғылым қаншалықты сапалы әрі тиімді дамымақ? Үкімет аталған мәселедегі ғылыми зерттеулер деңгейінің көтерілуі мен олардың тәжірибеде қолданылуын сыни көзқараста қарайтын болады.

Әлкей Марғұлан атындағы Археология институты мамандары іс жүзінде ғылыми зерттеу­лердің тиімділігін дәлелдеп келеді. Институт қызмет­кер­лерінің ізденістері нәтижесінде халқымызға бұрын белгісіз болып келген тарихтың ақтаңдақ беттері ашылды. Бірегей артефактілер ата-бабаларымыздың өткен тарихы, олардың қалай өмір сүргені, Отанды қалай қорғағаны туралы мол мәліметтер беріп, елдің рухани бай мұрасын еселей түсті. Ағымдағы археологиялық маусымда Қазақстан тарихын толықтыра түсетін тағы бірқатар құнды жәдігерлер табылды. Республика археологтарының өткенді зерделей отырып, Отанымыздың жарқын келешегіне сеніммен қарауына және ұлттық ғылымды дамытуға мемлекет тарапынан қолдауға кепіл болатын дәл осындай тарихи Жолдаулардың маңызы зор.

Бауыржан БАЙТАНАЕВ,
Ә.Марғұлан атындағы Археология институтының директоры

Соңғы жаңалықтар

Шымкентте Сүгір Әліұлының ескерткіші ашылды

Оңтүстік Қазақстан • Бүгін, 14:25

Ақмола облысы "қызыл" аймақта

Аймақтар • Бүгін, 09:07

Торт пісіруші жігіт

Қоғам • Бүгін, 08:46

Үшінші күннің нәтижелері

Спорт • Бүгін, 08:44

Үздік голдың иесі атанды

Футбол • Бүгін, 08:43

Сhallenger жарысын сәтті бастады

Теннис • Бүгін, 08:41

Газды пайдалану талаптары

Қоғам • Бүгін, 08:16

Дағдарыс орталығы ашылды

Оқиға • Бүгін, 08:09

Жастар жылу сыйлап жүр

Қоғам • Бүгін, 08:03

Керегіңді ал, мұқтаж жан

Руханият • Бүгін, 08:01

Эстафета Душанбеге жолданды

Руханият • Бүгін, 07:49

Ұқсас жаңалықтар