Руханият • 03 Қыркүйек, 2019

Сыр жерінде керамика зауыты болған

86 рет көрсетілді

Алтын орданың салтанаты асқан Сығанақ қаласының тарихта айтарлықтай ізі бар. Қазіргі Қазақ мемлекетінің шегіндегі Көк орданың астанасы болған қала орнының өзімен түбі түріктің бәрі сағынысып көріседі десем, асыра айтқандық емес. Сол Х-ХІ ғасырларда Сығанақ қаласынан қашық емес Нәнсайдың сол жағалауында Күйеутам, Бестам, Жүніс секілді қалалар болған екен.

Бестамды белгілеп алар бол­сақ, Шиелі ауданының орта­лы­ғынан 18-20 шақырым қа­шықтықтағы оңтүстік-батыс бетіндегі жазықтықта кезінде туын тіккен қала қаңқасы. Бұл қаланың басты ерекшелігі мынада: бұл жерде үш зауыттың орны анықталған. Бірі – темір қорытатын, екіншісі – кірпіш күйдіретін пеші бар зауыт, ал үшіншісі – керамика-сыр зауыты делінеді. Кейбір болжамшылар зауыт санын 7-ге жеткізеді. Сонау жылдары нартәуекелмен археологиялық қазба жүргізген зерттеушілер осы қала орнынан қыш құмыра сынықтарын, өңделмеген гипс, тас қайрақ және шақпақ тастардың бірнеше түрлерін тапқан. Зауыт орындарынан мыс теңгелердің кезігуі мұндағы көмбенің жұмбақ тұс­тарын қоюландыра түседі.

Полиметалл рудалары сы­нық­тары және диірменнің ерекше түрінің де қалдық астынан табылуы да осындағы зауыттардың кең ауқымды екендігін білдірсе керек.

Айтпақшы, Бестамдағы құ­­­ры­лыс қалдықтары арасынан әк-балшықты бор мен ақ шақпақ (кварц) тасты диірменде майдалап қосу арқылы алған де­ген дереккөзі де қызықты емес пе. Мүмкін, келешекте өр­ке­ниет көшіне қажетті әл­гін­­дей материал­дарды қайта жаң­ғыр­туға мүмкіндік туар.

Әрине, 1921 жылғы көк­тем­­дегі су тасқыны кезінде Нән­­сайға дейінгі аралық түгел су астында қалып, көптеген дә­­йек­­теме жо­йылды немесе жер астына кетті. Кейінгі колхоз­дастыру, Кеңес өкіметінің көз­жұмбайлықпен қарау салдары­нан қажетті тарихи дә­лел­демелер, дәйектемелер кө­мескілене бастағаны да бел­гілі.

Кезінде атақты ғалым Әуел­бек Қоңыратбаев баспасөзде «Бестам қорғалсын!» деген ма­­қала жазып, шырқырады. Алай­да қозғалыс болмады. Бестам қаласының сол кез­де­гі бел­гілерінің өзі көзден де, кө­ңілден де өшіп барады.

«Ата-бабалардың өнері, көп­теген уақиға тарихы сондай қа­лалармен анықталатын түрі бар» дейді атақты ғалым Әуелбек Қо­ңыратбаев өз жанайқайында. Бестамның тау бетінде негізгі қорғаны болған көрінеді. Олар – сыртқы су қорғаны, екінші то­­пырақ қорғаны және ішкі 2-3 метрлік дуал қорғаны. Кейінгі көзге шалынған аумағының өзі 10 гектардан асатын қала өз құ­пиясын әлі аша қойған жоқ.

Иә, қыпшақ даласының дәуірі өз тарихының айшықтылығымен құнды.

Нұрмахан ЕЛТАЙ,
Ақпарат саласының үздігі

Қызылорда облысы,
Шиелі ауданы

Соңғы жаңалықтар

Комиссия отырысын өткізді

Саясат • Бүгін, 08:04

Жасанды интеллект жәрдемі

Технология • Бүгін, 07:58

Аң-құсқа да қамқорлық қажет

Оқиға • Бүгін, 07:55

Жаңа аудандағы жасампаз іс

Аймақтар • Бүгін, 07:53

Ауылдағы сервистік әкімдік

Аймақтар • Бүгін, 07:48

Әлемді қызғылт сары етейік

Қоғам • Бүгін, 07:37

Елбасы және Қазақстан ғылымы

Елбасы • Бүгін, 07:27

Мұғалім жасаған сабын

Ғылым • Бүгін, 07:09

СКА-ға есе жіберді

Хоккей • Бүгін, 07:09

Абайдың 180 өлеңін жатқа айтады

Аймақтар • Бүгін, 07:08

Ұқсас жаңалықтар