Президент • 03 Қыркүйек, 2019

Қазақстан Президенті он мемлекеттің елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады

45 рет көрсетілді

Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасындағы төтенше және өкілетті елші міндетін қоса атқаратын бірқатар мемлекеттің дипломатиялық өкілдерінен сенім грамоталарын қабылдады. Салтанатты рәсім дәстүр бойынша «Ақорда» резиденциясында өтті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Елшілер Лесли Ача Опоку-Уаре (Гана Республикасы), Густаво Адольфо Лопес Кальдерон (Гватемала Республикасы), Карстен Сендергорд (Дания Корольдігі), Майк Санго (Зимбабве Республикасы), Андрей Негуца (Молдова Республикасы), Джон Мацца (Сан-Марино Республикасы), Бранко Раковец (Словения Республикасы), Рамиз Башич (Черногория), Симон Марко Мумви (Біріккен Танзания Республикасы), Манаса Такгисакибау (Фиджи Республикасы) Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа сенім грамоталарын тапсырды.

Қазақстан Президенті дипломатиялық корпус өкілдеріне арнаған сөзінде, саяси диалог пен сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі дамытуға әзір екенін мәлімдеді.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев елшілерге қайырымды істеріне табыс тілеп, мемлекеттерінің басшыларына сәлемін жолдады.

Соңғы жаңалықтар

Шымкентте Сүгір Әліұлының ескерткіші ашылды

Оңтүстік Қазақстан • Бүгін, 14:25

Ақмола облысы "қызыл" аймақта

Аймақтар • Бүгін, 09:07

Торт пісіруші жігіт

Қоғам • Бүгін, 08:46

Үшінші күннің нәтижелері

Спорт • Бүгін, 08:44

Үздік голдың иесі атанды

Футбол • Бүгін, 08:43

Сhallenger жарысын сәтті бастады

Теннис • Бүгін, 08:41

Газды пайдалану талаптары

Қоғам • Бүгін, 08:16

Дағдарыс орталығы ашылды

Оқиға • Бүгін, 08:09

Жастар жылу сыйлап жүр

Қоғам • Бүгін, 08:03

Керегіңді ал, мұқтаж жан

Руханият • Бүгін, 08:01

Ұқсас жаңалықтар