Аймақтар • 27 Қараша, 2019

AIF - 2019: Бақытжан Сағынтаев бірқатар екіжақты кездесу өткізді

30 рет көрсетілді

Соның ішінде Mitsui & Co. Moscow-дың бас директоры Мегуро Хироси мен Japan System Planning Co LTD президенті Кумано Касуюкимен, McKinsey & Company жаһандық институтының директоры әрі бас серіктесі Джонатан Вотцельмен және Қазақстандағы McKinsey & Company-дің басқарушы серіктесі Йохен Бербнер бар.

Сонымен қатар қала әкімі Б. Сағынтаевтың Лордтар палатасының мүшесі, Сауда және өнеркәсіп экс-министрі, Ұлыбританияның бұрынғы Әлеуметтік қамсыздандыру министрі Лорд Питер Лиллимен кездесуі өтті. Форумда жалпы сомасы 2,3 млрд доллар болатын мемлекеттік органдар мен бизнес-қауымдастықтар арасындағы ынтымақтастық пен өзара түсіністік туралы 31 келісім мен меморандумға қол қойылады деп күтілуде. Соның ішінде Алматы әкімдігі мен Астана «Халықаралық қаржы орталығы» арасында ортақ мақсаттарға қол жеткізу үшін өзара қызығушылық тудыратын мәселелер бойынша ынтымақтастық пен консультациялар туралы Меморандумға қол қойылады. Сондай-ақ Алматы әкімдігі мен ЕҚДБ арасындағы 11,3 млн доллар болатын сомаға «жасыл қалалар» жобасын қаржыландыру туралы алдын ала келісім бойынша өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды. Форум қатысушыларына арнаған сөзінде қала әкімі Бақытжан Сағынтаев форум алдағы 30 жылға арналған Алматының даму тәртібі қалыптасатын тарихи сәтте өтіп жатқанын атап өтті. Алматы қаласының 2050 жылға дейінгі Даму стратегиясы әзірленді. Басты мақсат – өмір сапасы мен бизнес мүмкіндіктері бойынша әлемнің үздік 100 қаласына ену.

– Бұл үшін мықты экономикалық негіз қажет. Қалалық экономика жылына кемінде 5 пайыз қарқынмен дамуы тиіс. Мұндай өсуді қамтамасыз ету үшін біз қалалық экономиканың терең құрылымдық реформасын бастаймыз. Жаңа экономика секторына басымдық беріледі. Инвестициялаудағы бұл әдіс түбегейлі жаңа алаң ашуға септігін тигізбек, – деді қала әкімі Б. Сағынтаев.

Оның айтуынша, құрылымдық маневрдің түпкі мақсаты – экспорттық өндірісті дамыту, Алматы өндірушілерінің әлемдік экономикадағы жоғары технологиялардың қатысуын кеңейту. Тек осылай ғана қала әлемдік аренада бәсекеге қабілетті экономикалық өсудің жаңа моделін құра алады. Алдағы уақытта Алматының дамуы көп орталықты болып, қаланың әр түрлі бөліктерінде бірнеше аймақтарда шоғырлануы тиіс. Қала инфрақұрылымын жаңарту алдағы бес жылда инвестиция үшін жаңа алаң ашады. Тек «Жаңа Алматы» жоспары ғана 834,5 млрд теңге көлемінде бұрын-соңды болмаған салымдарды болжайды. Ағымдағы бағам бойынша бұл 2 млрд 155 млн доллар.

Пленарлық отырыс барысында ынтымақтастық үшін Алматының жаңа инвестициялық мүмкіндіктері, «ақылды қалалар» тұжырымдамасын дамыту, жылжымайтын мүлік, жылжымайтын мүлік нарығының трендтері және қазіргі заманғы қалалардың жаңа сын-қатерлері мәселелері қаралатын болады. Сонымен қатар, «Алматыдағы инновацияның болашақ өсу секторлары және дамуы», «ірі инфрақұрылымдық жобалардың геоэкономикасы: Ұлы Жібек жолының ортасындағы Алматы» тақырыбында пікірталас өтеді. Сондай-ақ, білім беру, ғылым және денсаулық сақтау саласына жеке инвестициялардың мүмкіндіктері мен болашағы «дөңгелек үстел» барысында талқыланады. Туризмді дамыту мәселелері назардан тыс қалмайды. Форумға қатысушылар үшін туризм үшін жаңа халықаралық орталық ретінде Алматының тұсаукесері өтеді.

Қазақстандағы McKinsey&Company басқарушы серіктесі Йохен Бербнер атап өткендей, Қазақстанда туризмді дамыту үшін барлық алғышарттар бар, әсіресе экотуризм, спорттық және іскерлік туризм сияқты тез өсетін сегменттерде байқалады. Оның айтуынша, Алматы көркем табиғат, жылы климат және дамыған инфрақұрылым есебінен елдегі туристік дестинацияларға жатады.

«Алматының географиялық орналасуының арқасында, қазір тұрғындар саяхатқа, атап айтқанда, Қытайдан, Үндістаннан, Ресейден туристерді тартуға үлкен мүмкіндік бар. Қазақстанда саланы дамытудың мемлекеттік бағдарламасы қабылданды. Ең бастысы - стратегияны айқын және дәйекті ұстану және белгіленген жоспарларды орындау бар», — деп атап өтті Й.Бербнер.

Форумның географиясы БАӘ, Жапония, АҚШ, Катар, Сауд Арабиясы, Түркия, Ұлыбритания, Ресей, Қытай, Корея, Австрия, Германия және т.б. елдермен ұсынылған. Сонымен қатар форумға Қазақстандағы халықаралық компаниялардың өкілдері қатысуда. Оның ішінде ЕҚДБ, ЕУРОБАК, АДБ, Дүниежүзілік банк, Қазақстандағы Қытай Банкі, MUFG Bank, Tengri Bank, Al Hilal Bank, Mitsubishi, EY, PwC, KPMG, Samsung, Nokia, Sun Pharma, BASF C. a., Philip Morris International, CNPC, Chevron және т.б.

 

 

 

Гүлбаршын АЙТЖАНБАЙҚЫЗЫ

«Еgemen Qazaqstan»

АЛМАТЫ

Соңғы жаңалықтар

Шымкентте Сүгір Әліұлының ескерткіші ашылды

Оңтүстік Қазақстан • Бүгін, 14:25

Ақмола облысы "қызыл" аймақта

Аймақтар • Бүгін, 09:07

Торт пісіруші жігіт

Қоғам • Бүгін, 08:46

Үшінші күннің нәтижелері

Спорт • Бүгін, 08:44

Үздік голдың иесі атанды

Футбол • Бүгін, 08:43

Сhallenger жарысын сәтті бастады

Теннис • Бүгін, 08:41

Газды пайдалану талаптары

Қоғам • Бүгін, 08:16

Дағдарыс орталығы ашылды

Оқиға • Бүгін, 08:09

Жастар жылу сыйлап жүр

Қоғам • Бүгін, 08:03

Керегіңді ал, мұқтаж жан

Руханият • Бүгін, 08:01

Ұқсас жаңалықтар