Президент • 05 Желтоқсан, 2019

Мемлекет басшысы ресми сапармен Германияға барды (видео)

81 рет көрсетілді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Германияға ресми сапармен келді деп хабарлады Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли facebook парақшасында

Бүгін Қазақстан Президенті Канцлер Ангела Меркельмен келіссөздер өткізеді. Мемлекеттер басшылары екіжақты қарым-қатынастардың жай-күйі мен даму перспективаларын талқылайды.

Қасым-Жомарт Тоқаев сапар барысында Президент Франк-Вальтер Штайнмайермен және ГФР-дің белгілі саясаткерлерімен кездеседі.

Мемлекет басшысы 6 желтоқсан күні Берлин Еуразиялық Клубының 28-отырысына қатысып, сөз сөйлейді. Сондай-ақ бірқатар неміс компаниясының басшыларымен кездесу өткізеді.  

Соңғы жаңалықтар

Ұқсас жаңалықтар