Қоғам • 05 Қаңтар, 2020

Депутаттар Оқушылар сарайының ұжымымен «Педагог мәртебесі туралы» Заңды талқылады

395 рет көрсетілді

Бүгін Нұр-Сұлтанда Мәжіліс депутаттары, «Nur Otan» партиясы фракциясының мүшелері Светлана Бычкова мен Қанат Мусин Оқушылар сарайының ұжымымен кездесті. Бұл туралы Парламент Мәжілісінің баспасөз қызметі хабарлады.

Әңгіме барысында мұғалімдерді әлеуметтік қорғау мәселелері талқыланды. «Мұғалімнің мәртебесі туралы» Заңның қабылданғанын айта келе, мәжіліс депутаттары 2020 жылдың қаңтарынан бастап жалақыны кезең-кезеңімен 25% дейін арттыру, олимпиада жеңімпаздарын дайындаған мұғалімдерге материалдық ынталандыруларға, сондай-ақ педагогтардың ар-намысы мен беделіне нұқсан келтіргені үшін әкімшілік жауапкершілік шараларына баса назар аударды.

Соңғы жаңалықтар

Ұқсас жаңалықтар