Теннис • 06 Қаңтар, 2020

Жылдың алғашқы жеңісі

28 рет көрсетілді

Қазақстандық теннисші Зарина Диас Гонконгте өткен теннистен ITF сериясына енетін турнирдің финалында топ жарды. Ол финалда турнирдің бірінші ракеткасы саналатын қытайлық Чжу Линьннен басым түсті.

Жалпы жүлде қоры 25 мың АҚШ долларын құрайтын турнирдің финалында отандасымыз WTA рейтингінде 72-орында тұрған қытайлық теннисшіні екі сетте 6:4, 7:5 есебімен қапы қалдыр­ды. Жеке кездесу бойынша Зарина Диас 3:1 есебімен алға шықты.

Мәлімет үшін айта кетейік, Диас карьерасында осымен оныншы жарысында бас жүлдені жеңіп алды. ITF сериясында 9 рет жеңіске жетсе, бір рет WTA International жарысында (Токио, 2017 жыл) қарсылас шақ келтірмеген.

Қандасымыз бүгін Қытайда өтетін «Shenzhen Open» ашық чемпионатына қатысады. Диастың турнирдегі алғашқы қарсыласы қытайлық теннисші Инъин Дуань болмақ.

Соңғы жаңалықтар

Бір аптада 221 қылмыс

Аймақтар • Кеше

Ұқсас жаңалықтар