Теннис • 09 Қаңтар, 2020

Теннис: Зарина Дияс ширек финалда ұтылды

26 рет көрсетілді

Қазақстандық теннисші Зарина Дияс Қытайдың Шэньчжэнь қаласында өтіп жатқан жүлде қоры 750 мың АҚШ долларын құрайтын жарыстың ширек финалына дейін жетті. 

Тұсаукесер кездесуде қытайлық Дуан Ин Иннен, іле-шала ресейлік Анна Блинковадан айласын асырған жерлесіміз ширек финалда WTA рейтингінде өзінен 40 саты жоғарған Гарбинья Мугурусамен шеберлік байқасты. 26 жастағы Испания теннисшісінің өте қарулы екенін жанкүйерлер жақсы біледі. Осыдан екі-үш жыл бұрын ғана ол әлемнің бірінші ракеткасы атанып, Ролан Гаррос пен Уимблдон додаларының жеңімпазы атанды. Австралияның ашық біріншілігінің ширек финалына дейін жетіп, WTA турнирлерінде жеті рет топ жарды. 2 сағат 8 минутқа созылған бұл бәсеке 6:4, 2:6, 6:4 есебімен Мугурусаның пайдасына шешілді.    

Естеріңізге сала кетейік, өткен аптаның аяғында Зарина Дияс Гонконгта өткен турнирде топ жарып, ITF санатындағы өзінің 10-титулына қол жеткізген еді.

 

 

 

 

 

Соңғы жаңалықтар

Ұқсас жаңалықтар