Аймақтар • 10 Қаңтар, 2020

Полицейлер «Подвал» жедел-профилактикалық іс-шарасын жүргізді

45 рет көрсетілді

Облыс орталығында 6-9  қаңтар күндері қылмыстық құқық бұзушылықтың алдын алу және қиын жағдайда қалып, қаңғыбастыққа салынғандарды өмірге бейімдеу мақсатында «Подвал» жедел-профилактикалық іс-шарасы жүргізді. Бұл туралы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Шара барысында қала аумағынан қаңғыбастыққа салынып, тұрақты мекен-жайсыз жүрген 42 азамат Қызылорда ҚПБ ЖПҚб-нің қабылдау- тарату орнына жеткізіліп, есепке алынды.

Осыдан кейін облыстық денсаулық сақтау басқармасына қарасты кезбелікке салынған адамдарды қайта әлеуметтендіру орталығына жеткізіліп, оларға 7 түрлі қызмет (әлеуметтік тұрмыстық, еңбек, медициналық, психологиялық, мәдени, экономикалық және құқықтық) көрсетілді.

Аталған орталық алпыс орындық, оның 50-і күнделікті жатқан адамдарға, ал қалған 10 орын түнемелік келушілерге арналған.

Қазір күн райының күрт суытуына полиция мен орталық мамандары   өзара бірлесіп, қаңғыбастыққа салынғандарды осында жеткізуді ұйымдастыруда. 

Соңғы жаңалықтар

Ұқсас жаңалықтар