Руханият • 21 Қаңтар, 2020

Елордада Абай мерейтойының салтанатты ашылуы өтіп жатыр

60 рет көрсетілді

«Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрында қазақ халқының ұлы ақыны, ойшыл-кемеңгері Абай Құнанбайұлының 175 жылдығының салтанатты ашылу рәсімі өтуде. Шараға Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қатысып жатыр. 

Салтанатты жиында Абай Құнанбайұлының 175 жылдығын мерекелеудің басталуы ресми жарияланды және Мәдениет және спорт министрлігі осыған орай Қазақстанның өнер шеберлерінің концертін ұсынды.

Осыған дейін министрлік «Астана Опера» театрының сахнасында ұлы Абайдың өлеңдері мен әндері КСРО және Қазақстанның Халық әртісі, Қазақстанның Еңбек Ері Асанәлі Әшімов, Қазақстанның Халық әртісі, Қазақстанның Еңбек Ері Роза Рымбаева, КСРО және Қазақстанның Халық әртісі Әлібек Дінішев, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Майра Мұхамедқызы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Тамара Асар, халықаралық және республикалық конкурстардың лауреаттары мен еліміздің жас дарындарының орындауында, «Астана Опера» Мемлекеттік опера және балет театрының симфониялық оркестрінің сүйемелдеуімен шырқалатынын хабарлаған еді.

«Биыл Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл толады. Халқымыздың ұлы перзентінің мерейтойын лайықты атап өту үшін арнайы құрылған комиссия дайындық жұмыстарын бастап кетті. Мемлекет көлемінде және халықаралық деңгейде ауқымды іс-шаралар ұйымдастыру жоспарланып отыр. Бірақ мұның бәрі той тойлау үшін емес, ой-өрісімізді кеңейтіп, рухани тұрғыдан дамуымыз үшін өткізілмек» деп жазды Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаев өзінің «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласында.

Сондай-ақ театр сахнасында 25 қаңтар күні «Абай» операсы сахналанады. 

d 

Соңғы жаңалықтар

Жасанды интеллект жәрдемі

Технология • Бүгін, 07:58

Аң-құсқа да қамқорлық қажет

Оқиға • Бүгін, 07:55

Жаңа аудандағы жасампаз іс

Аймақтар • Бүгін, 07:53

Ауылдағы сервистік әкімдік

Аймақтар • Бүгін, 07:48

Әлемді қызғылт сары етейік

Қоғам • Бүгін, 07:37

Елбасы және Қазақстан ғылымы

Елбасы • Бүгін, 07:27

Мұғалім жасаған сабын

Ғылым • Бүгін, 07:09

СКА-ға есе жіберді

Хоккей • Бүгін, 07:09

Абайдың 180 өлеңін жатқа айтады

Аймақтар • Бүгін, 07:08

Ұқсас жаңалықтар