Саясат • 06 Ақпан, 2020

Сенат Трампты ақтап шықты

81 рет көрсетілді

АҚШ Президенті Дональд Трамп импичмент кезінде ақталып шықты.

Трамптың әріптестері Республикалық партия өкілдері төрағалық ететін Сенатта АҚШ Президенті тағылған екі айып бойынша да ақталып шықты.

Еске салсақ, Дональд Трамптың импичментіне екі себеп болған. Біріншісі, ол өкілеттігін асыра қолданып, Украина билігіне қарсыласы демократ Джо Байденге қатысты іс қозғау туралы ұсыныс жасаған. Оның айтуынша, қарсыласы АҚШ-тың вице президенті болған тұста және Америка-Украина қарым-қатынасына жауапты кезінде оның ұлы түсініксіз себептермен украиндық газ компаниясының директорлар кеңесінде жоғары лауазымды қызмет атқарған. Осылайша демократтар Трамп мырзаны өз өкілеттігін асыра қолдана отырып, Украина президентіне қысым көрсеткен деп айыптады.

Сондай-ақ, Ақ үй өкілдер палатасының импичмент бойынша тергеушілері іздеген айғақтар мен құжаттарды бұғаттағаннан кейін, Трамп мырза Конгрес жұмысына кедергі келтірді деп айыпталған еді.

Сенат отырысында демократтар мақсатына жете алмады, себебі бірінші айып бойынша 48 сенатор қолдау білдірсе, 52-сі қарсы болды. Екінші айып бойынша да қарсы болғандар 6 дауыспен жеңіп кетті. Президентті қызметінен босату үшін сенаторлардың үштен екісінің қолдауы қажет.

Трамп – АҚШ тарихында импичмент жарияланған үшінші президент. Жалпы, АҚШ конституциясына сәйкес, Конгресс президентті кейбір заң бұзушылық әрекеттері үшін орнынан алып тастай алады.

Демократтар бұл ақталудан кейін Дональд Трамптың әрекеті бұрынғыдан да батылырақ болатынын айтып, алаңдаулы екендерін жеткізді.    

 

 

 

Соңғы жаңалықтар

Шымкентте Сүгір Әліұлының ескерткіші ашылды

Оңтүстік Қазақстан • Бүгін, 14:25

Ақмола облысы "қызыл" аймақта

Аймақтар • Бүгін, 09:07

Торт пісіруші жігіт

Қоғам • Бүгін, 08:46

Үшінші күннің нәтижелері

Спорт • Бүгін, 08:44

Үздік голдың иесі атанды

Футбол • Бүгін, 08:43

Сhallenger жарысын сәтті бастады

Теннис • Бүгін, 08:41

Газды пайдалану талаптары

Қоғам • Бүгін, 08:16

Дағдарыс орталығы ашылды

Оқиға • Бүгін, 08:09

Жастар жылу сыйлап жүр

Қоғам • Бүгін, 08:03

Керегіңді ал, мұқтаж жан

Руханият • Бүгін, 08:01

Ұқсас жаңалықтар