Парламент • 26 Ақпан, 2020

Д. Назарбаева: Қазақстанның жеңіл өнеркәсібіне мақсатты жеке даму бағдарламасы керек

13 рет көрсетілді

Сенат Төрағасы Дариға Назарбаева Парламенттік тыңдауларға дайындық аясында сауда алаңдары мәселесі бойынша мемлекеттік органдардың және нарық субъектілерінің өкілдерімен кездесті. Бұл туралы Сенаттың баспасөз қызметі хабарлады.

Шараға Сенат депутаттары, сауда және интеграция, индустрия және инфрақұрылымдық даму, ұлттық экономика, қаржы министрліктерінің, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің, «Атамекен» ҰКП басшылары қатысты.

Дариға Назарбаева кіріспе сөзінде алдыңғы кездесулерде отандық өндірушілер сауда орталықтарындағы жалдау құнының жоғары екендігі оларға негізгі проблемалардың бірі дегенін еске салды.

Еліміздің сауда және интеграция министрінің орынбасары Азамат Асқарұлы өз баяндамасында отандық тауар өндірушілерге арналған сауда саясатының шаралары туралы хабардар етті. Олардың ішінде отандық өндіріс тауарларын сауда залдарында қолжетімді жерлерге орналастыру, ретро деп аталатын бонустарды белгілеуге тыйым салу, отандық азық-түлік тауарларына сөрелерде кемінде 30% орын бөлу бар. «Біз агро-логистикалық орталықтар мен көтерме-тарату орталықтары құрылыстарын салу бойынша жобаны жүзеге асыруды қолға алдық. Нәтижесінде бүкіл елімізге арналған дайындау және өткізудің аса ауқымды жаңа жүйесі құрылады», - деп атап өтті министрдің орынбасары.

Кездесуде сөз алған ұлттық экономика министрінің орынбасары Жаслан Мәдиев жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарын қолдау мәселелеріне, атап айтқанда, арнайы экономикалық аймақтарға қатысушыларды корпоративтік табыс салығынан, жер, мүлік салықтарынан және жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемдерден босату шараларына назар аударды.

Қазақстан минимаркеттер қауымдастығының басшысы Бауыржан Нұркенов өз кезегінде азық-түлік саласында көлеңкелі экономиканың деңгейі жоғары екенін атап өтті. Б.Нұркеновтың пікірінше, бұл проблеманы шешу үшін нарыққа кіші-гірім қатысушылар кооперациясы керек.

Сенатор Дәурен Әділбеков баяндамаларды тыңдай келіп, жалға алуды субсидиялау талаптарын анықтау әдістемесіне назар аударды. «Егер біз субсидия беретін болсақ, сауда алаңдарының қожайындары каскадтық әдіспен жалға алу бағасын ұлғайтпасына кім кепіл?», - деген қаупін білдірді.

Сенатор Әли Бектаев әртүрлі сауда орындарында бір тауар бағасының 10%-дан 3 есеге дейін құбылатынына қатысушылардың назарын аударды. «Сауда базары – арзан сатылатын орын деп әрқашан санап келдік. Біздің талдауымыз бойынша, жабдықталмаған базарлар мен коммуникациясы жақсы дамыған, жылыту, желдету, бақылау камералары бар сауда орталықтарын салыстырғанда бағасында айырмашылық жоқ. Базарларда үстемеақы неге олай екенін зерделеу керек», - деді ол.

Дариға Назарбаева пікір алмасуды қорыта келіп, сауда алаңдары тақырыбы бойынша өзекті мәселелерді талқылау әлі аяқталмағанын атап өтті. «Сауда бойынша жеке тыңдау өткізу керек, бұл бәріне қатысты ауқымды сала», - деді ол.

Сенат Төрағасы сауда саласы әрқашан экономиканың маңызды бөліктерінің бірі екеніне назар аударды. «Қазақстандық тұтынушылар өздерінің отандық өнімді жақсы көруі, сенуі, көтермелеуі үшін қазіргі заманғы өркениетті жағдайлар керек. Соның өзі ең жақсы имидж, кейіннен біздің өнімдеріміз үшін шетелде де жұмыс істейтін болады».

Д.Назарбаева бұл ретте жеңіл өнеркәсіптің дамуын тұтастай қамтамасыз ету үшін салаға мақсатты бағдарлама қажет екенін атап өтті. «Жеңіл өнеркәсіптегі еңбек ауқымы көбірек деп саналады, бірақ оның  ғылыми аясы да ауқымды болып отыр. Осы саланы табысты дамытып отырған көптеген елдер ғылыми зерттеулерге, маталар мен тоқудың жаңа түрлерін шығаруға ақша аямайды. Оны бастан кешкен басқа елдердің тәжірибесі тұрғысынан қараған жөн», - деді ол.

Сенат Төрағасы кездесуді қорытындылай келіп, жауапты комитеттерге кездесуге қатысушылар қозғаған проблемалық тақырыптарды зерделеуді және оларды Парламенттік тыңдауларда талқылауға дайындауды тапсырды.

Соңғы жаңалықтар

Келер жылы тариф көтерілмейді

Экономика • Бүгін, 08:19

Комиссия отырысын өткізді

Саясат • Бүгін, 08:04

Жасанды интеллект жәрдемі

Технология • Бүгін, 07:58

Аң-құсқа да қамқорлық қажет

Оқиға • Бүгін, 07:55

Жаңа аудандағы жасампаз іс

Аймақтар • Бүгін, 07:53

Ауылдағы сервистік әкімдік

Аймақтар • Бүгін, 07:48

Әлемді қызғылт сары етейік

Қоғам • Бүгін, 07:37

Елбасы және Қазақстан ғылымы

Елбасы • Бүгін, 07:27

Мұғалім жасаған сабын

Ғылым • Бүгін, 07:09

СКА-ға есе жіберді

Хоккей • Бүгін, 07:09

Абайдың 180 өлеңін жатқа айтады

Аймақтар • Бүгін, 07:08

Ұқсас жаңалықтар