Оқиға • 01 Қазан, 2020

Шоқан Қашқардан әкелген құмыра

26 рет көрсетілді

Бүгін Оңтүстік астанада халықаралық ынтымақтастық аясында Қытай Халық Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулдығымен бірлескен «Ғажайып қолтаңба» атты көрме ашылды. Бір айға созылатын көрмеге Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі қорында сақталған қытай фарфор бұйымдары қойылады.

Мемлекеттік орталық му­зейінің қорында XIX ғасырдың екінші жартысында (ҚР МОМ Орын­бор кезеңінің тарихы) қа­лып­таса бастаған қыш пен фар­­фор топтамалары ерекше орын алады. Ол кезде музейге өт­кі­зілген алғашқы экспонаттар­ды жеке адамдар «сыйға берген» және олар негізінен XVIII-XIX ғасырларға тиесілі тұрмыс­тық заттар еді. Олардың арасын­да әсемдігі және көркем пішін­дерімен назар аудартатын әртүр­лі керамикадан жасалған бұйым­дар бар.

Қытай фарфоры – аспанас­ты империясының мәдениеті мен өнерінің маңызды компонент­терінің бірі. Жәдігер бұйымдар фар­форға сурет салу өнерін көр­сетеді, сонымен қатар ежелгі дә­уір­лерден бастап әр заманда өз туындылары арқылы әлемдік өнер­ге құнды үлес қосқан қы­тай ше­берлерінің ғасырлық дәс­түрлерін паш етеді.

«Ғажайып қолтаңба» көрме­сінің экспозициясы 3 бөлімнен тұрады: археологиялық қазба жұ­мыс­тарының үлгілері; фар­форды көркем керамика өне­рінің айрықша үлгісі ретінде таныстыру; сондай-ақ көркем керамиканың сәнді шағын түр­лері. Көрмеге Қазақстан Орталық му­зейінің фарфордан, фаянс, ке­рамика, мыс, саздан жасалған 60-тан астам бірегей экспонаттары қойылады. Жұрт назарына ұсынылатын жәдігерлер ішінде Талғар қаласынан (Талхир) та­былған, Ұлы Жібек жолымен бізге жеткен қыш бұйымдарын көр­сететін археологиялық қыш бұйымдары ерекше қызығу­шы­лық тудырады. Бұл XI-XII ғасырлардағы қытай фарфорынан жасалған, Сун династиясына тиесілі, Алматы маңындағы ежелгі Талхир (Талғар) қаласын­дағы қазба жұмыстары кезінде табылған тостақтар мен табақтар. XIX ғасырдың 40-жылдарында Орынбор қаласында сатып алынған гүлді оюлар мен қы­тайлық өрнектері бар фар­фор­­­­дан жасалған ыдыс-аяқ­тар­­­­дың ғажайып коллекциясы, құмыралар, оның ішінде Қаш­­қариядан Ш.Уәлиханов өзі әкелген жеке құмырасы, со­ны­­мен қатар ХХ ғасырдың әр жыл­дарындағы шай рәсімінің заттары да көпшілік назарына ұсынылады. Қазақстан Респуб­ликасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевқа ҚХР басшылары сыйға тартқан құмыралар мен кәдесыйлар де құнды жәдігер­лердің қатарында.

Қытайлық қолөнершілер салған бұйымдар сапасы, әде­мілігі, декордың өзін­дік ерек­шелігі, пішіндері мен тақы­рыптарының алуан түрлілігімен ерекшеленеді. Қытай пей­заж­дарының сұлулығы, Будда храм­­дарының, сарайлар мен пагодтардың әсем фор­ма­ла­ры, гүлдермен әшекей­ленген бұйым­дар, гүл композиция­ларының сызбалары, суреттер, иероглифтер – осының бәрі суретшілердің жоғары шеберлігін паш етеді.

 

АЛМАТЫ

 

Соңғы жаңалықтар

Ұқсас жаңалықтар