Қазақстан • 20 Қазан, 2020

Білім министрлігі 2021 жылы қашықтан оқу туралы ақпаратты жоққа шығарды

451 рет көрсетілді

Білім және ғылым министрлігі 2021 жылы оқушылар қашықтан оқиды деген қауесетті жоққа шығарды, - деп хабарлайды Egemen.kz

Желіде Қазақстанда қашықтан оқыту форматы 2021-2022 оқу жылына ұзартылады деген қауесет тарады. Білім және ғылым министрлігі бұл ақпаратты жоққа шығарды.

Ведомствода атап өткендей, бірінші тоқсан 5 қарашада аяқталады. Карантин жағдайында санитарлық  талаптар бойынша оқушылар қашықтықтан оқиды. Ата-аналардың тілектерін ескере отырып, 1-4 сынып оқушылары үшін кезекші сыныптар жұмыс істейді. Бір сыныпта оқитын оқушы саны 15-тен аспауы тиіс.

"Екінші тоқсанға қатысты біз Денсаулық сақтау министрлігінің шешімін күтеміз. Бас санитарлық дәрігер тиісті қаулы қабылдайды. Денсаулық сақтау министрлігінен ақпарат алған соң, барлық ата - аналар мен оқушыларды дереу хабардар етеміз", деп хабарлады Білім министрлігінің баспасөз қызметі.

Соңғы жаңалықтар

Ұқсас жаңалықтар