Аймақтар • 20 Қазан, 2020

Шығыс Қазақстанда құс тұмауы тіркелді

13 рет көрсетілді

Құс (қаз) өлімі 30 қыркүйек пен 4 қазан аралығында Бесқарағай ауданының Баскөл ауылындағы төрт жеке шаруашылықта болған. Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысы Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті хабарлайды, деп жазады Egemen.kz

Ветеринарлық қызмет мамандары патологиялық материалдан сынамалар алып, Нұр-Сұлтан қаласындағы ветеринарлық зертханаға жеткізді. Зерттеу нәтижелері бойынша жоғары патогенді құс тұмауы анықталған.

"Өлген құстар арнайы белгіленген жерде өртеліп жойылды. Баскөл ауылдық округі әкімінің № 11 қаулысы шығып, 21 тәулікке карантин режімі енгізілді. Қаулыға сәйкес елді мекендерден шығуға, құс өнімдерін экспорттауға шектеу қойылды", делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, жалпы Бесқарағай ауданында 25800 құс тіркелсе, оның 1245-і Баскөл ауылында. Ол аймақта құстарға вакцина салынған.

 

 

Соңғы жаңалықтар

Ұқсас жаңалықтар