Аймақтар • 20 Қазан, 2020

Еленген ерлік

14 рет көрсетілді

Қармақшы ауданында Құтқарушылар күніне орай шара өтіп, онда аудан әкімінің орынбасары Ж.Сүйеубаев сала қызметкерлерін құттықтап, азаматтық қорғау органдарының бірқатар өкілдеріне марапат табыстады, деп хабарлайды Egemen.kz

– Құтқарушының қоғам алдында мәртебесі жоғары. Кәсіби міндетін бұлжытпай орындап, қызмет бабында қайсарлық пен өжеттік көрсетіп, адам өмірін түрлі апаттар мен қауіп-қатерлерден сақтап қалатын сала өкілдеріне халықтың айтар алғысы мен ризашылығы қашанда зор, – деді аудан әкімінің орынбасары.

Сонымен бірге шарада үстіміздегі жылдың маусым айында Сырдария өзеніне батып бара жатқан екі жасөспірімді құтқарып қалған Елпанов Егеубай Әскербекұлының ата-анасына Төтенше жағдайлар министрлігінің медалі табысталды. Екі адамды құтқарып, өзі суға кеткен Егеубай Елпановтың әкесі Әскербек Елпанов сөз алып, ерлікті елеген көпшілікке ризашылығын жеткізді.

Сондай-ақ  шарада сала үздіктері түрлі марапаттар иеленді.  

Соңғы жаңалықтар

Бір аптада 221 қылмыс

Аймақтар • Бүгін, 20:30

Ауылда амбулатория ашылды

Аймақтар • Бүгін, 19:11

Шымкентте Сүгір Әліұлының ескерткіші ашылды

Оңтүстік Қазақстан • Бүгін, 14:25

Ұқсас жаңалықтар