Аймақтар • 20 Қазан, 2020

Медеу мен Шымбұлақ қашан ашылады?

210 рет көрсетілді

Алматы қаласының бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин "Медеу" мен "Шымбұлақ" курортының карантин уақытында қалай жұмыс істейтінін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz

"Осы туристік нысандарға келсек, олардың оң және теріс тұстары бар. Ашуға тыйым салынатын себебі – адам көп жиналады. Жақсы жағына келсек, бұл жерде ультракүлгін сәуле көп. Ол әлбетте вирусты жоюға септігін тигізеді", деді Жандарбек Бекшин.

Сонымен қатар бас санитарлық дәрігер "Шымбұлақ" тау шаңғысы курортын ашу туралы ұсыныс түспегенін айтты. "Медеу" мұз айдыны басшылығының ұсынысын қазір қалалық Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті бақылауға алған.

Бұған дейін Алматыда коронавирус бойынша эпидемиялық ахуал күрделеніп келе жатқаны айтылған еді. Осыған орай ол шетелге барудан уақытша бас тартуды ұсынды.

Сонымен қатар, қалада ПТР талдауының қуатын тәулігіне 22 мыңға жеткізу көзделген. Одан бөлек Алматыда қандай жағдайда локдаун енгізілетіні анықталды.

Соңғы жаңалықтар

Бір аптада 221 қылмыс

Аймақтар • Бүгін, 20:30

Ауылда амбулатория ашылды

Аймақтар • Бүгін, 19:11

Шымкентте Сүгір Әліұлының ескерткіші ашылды

Оңтүстік Қазақстан • Бүгін, 14:25

Ұқсас жаңалықтар